Майлы бетке де «май» жағып тұру қажет

0
3 875

Күз айы теріні нәрлендіруде, пигментациямен күресте ең тиімді айлардың бірі.


Майлы бетке де «май» жағып тұру қажет

фото: karmelpilates.com

Бір күтімді 4 маусым бойы қолдануға бола ма?

Осы сұрақ мазалайтын аруларымызбен бірге мамандардың кеңесі бойынша күтім жасау жолдарын үйренейік.

Күз келіп, күн салқындағалы бет терісіне сыртқы факторлар кері әсерін тигізіп, қабыршақтану мен құрғақтық белгілері ендігі байқала бастаған болар? Бұл өзгеріске не істей аламыз?

Сіз ең алдымен, маусымдық ауысымда терімізге комплексті қорғаныс, ылғалдандыру мен нәрлендіруге арналған күтім керек екенін білетін бе едіңіз, жалпы?


Қорғаныс
Күн сәулелерінің әсерінен теріміз құрғап, қабыршақтанса ,ылғал жетіспеген кезде пигментациялар пайда болып жатады. Ал желді ауа райында ылғалды ауа теріміздегі барьерлік функцияны бұзады да, жай күннің өзін де стресске түсіп отыратын тері гиперсезімталдық, қабыршақтану және тітіркенуге дейін жетеді. Қантамырлар жұқа болып, осының салдарынан купероза пайда болып жатады.

Сондықтан бірінші қорғаныс ол күннен қорғану. Sfp белгісі бар кремдерді күз айында үзбей қолдану керек.


Нәрлендіру

Күз айы теріні нәрлендіруде,пигментациямен күрес те ең тиімді айлардың бірі. Құрамында глицерин және гиалурон қышқылы бар витаминдерге, микроэлементтерге бай косметиканы қолданған дұрыс.


Жаңарту
Күн салқын күндері терінің өзіндік жаңару процесі жай жүреді. Тіпті кей жағдайда теріңіздің өңі қашып,сұрлану байқалып, терінің біртектілігі бұзылып, құрғайды.Енді осы процестерді болдырмау үшін құрамында қышқылдары бар пилингтер қолданған дұрыс.
Сіз маусымға сай арнайы күтім қолданып көрдіңіз бе?


фото: temperaturka.com

Майлы бетке де «май» жағыңыз

Статистикаға сүйенетін болсақ, бютииндустрия саласында майлардың сатылымы соңғы 5 жылда 87%-ға артқан. Демек, бет күтіміне, тері күтіміне көңіл бөлетін қыз-келіншектер көбейіп, осы салада білімін арттырған бикештер көбейіп келеді деген сөз.

Тері типіне қарай кез келген бет терісіне арналған майлардың түрін дұрыс таңдап, күтім жасай білсеңіз, жастық қалпыңызды неғұрлым ұзағырақ сақтай аласыз.

Майлар тері типіне қарай: бетке, шашқа, денеге деп бөлінеді. Соның ішінде бет терісіне, майлы бетке арналған майлар тізіміне тоқталып өтейік.

Өйткені, көптеген қыздар бет терісінің майлылығына қарап, маған май жағудың қажеті жоқ деп ойлайды. Бірақ бұл қате пікір.

Теріңіздің типі қандай болса да, соған лайықты майдың түрін қолданғаныңыз жөн. Теріге күтім болмаса, тез тозады. Сондықтан, «терім майлы» деп май жағудан бас тартпаңыз.

Мысалы, авокадо майы, шабдалы майы, лимон, грейфрут майы, жүзім сүйегінің майы, раушан гүлінің майы, итмұрын майын майлы бетке қолдансаңыз, теріні нәрлендіреді, жұмсартады, комедондарға қарсы, май бөлуін азайтады, теріні тазартады.

Сондықтан, «Онсыз да майлы бетке не үшін май жағамын? Безеу қаптап, одан сайын майлы боп кетеді» деп қорқатын аруларға уайымдауға еш негіз жоқ!
Бірақ бұл майларды да кез келген уақытта бас салып жаға беруге де болмайды, оның өзіндік тәртібі, реті бар. Күндіз, ашық далада жүретін болсаңыз, жағудың қажеті жоқ. Себебі, ашық күн астында күн сәулесінен майдың әсері екі есе күшейіп, теріге аллергиялық реакциялар береді.
Мүмкін болса, ұйқыға жатардан 2 сағат бұрын жақсаңыз болады. 2 апта қолданып, 1 ай теріні тынықтырыңыз. Әйтпесе, тері құрғап кетеді.

Мөлшермен пайдаланыңыз. Күніне 3-4 тамшы ғана. Ақырындап, жеңіл уқалап, тері тіндеріне сіңіріп жағыңыз.
Сұлу болып жүру сіздің қолыңызда, әлемді сұлуландыру сіз секілді сұлулардың қолында.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ЕРІНге арналған БАЛЬЗАМды сұлулық үшін 7 ТҮРЛІ мақсатқа пайдаланамыз

СӘН-2021: Биыл КҮЗДЕ қандай КИІМДЕР трендте?