​САРЫСУды қолдануды білесіз бе?

0
3 337

Сарысуды дұрыс пайдаланып жүрсіз бе?


​САРЫСУды қолдануды білесіз бе?

Бетке арналған сарысуды қалай қолдануға болады? Мұндай сұрақ бұл өнімді алғаш рет қолданғалы отырған аруларымызда туындайтыны заңдылық.

Сарысуды қалай дұрыс пайдалану және өнімнің тиімді әсері үшін бірнеше пайдалы кеңестерді білгеніңіз жөн.


Бетке арналған сарысу дегеніміз не?

Сарысу-косметология әлеміндегі ауыр артиллерия. Ондағы белсенді заттардың концентрациясы әдеттегі кремдер мен бет терісіне күтім жасайтын басқа құралдарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Олардан айырмашылығы-сарысу күнделікті күтімге арналмаған. Оның әсері безеуден құтылу, терінің жоғары тығыздығына қол жеткізу немесе кішкентай әжімдерді кетіру сияқты нақты мәселелерді шешуге бағытталған. Өнімнің құрамына кіретін ингредиенттерге байланысты консистенция біркелкі, сұйық немесе майлы болуы мүмкін. Басқа бет күтіміне арналған ылғалдандыратын өнімдерден айырмашылығы, концентрат компоненттері теріге терең енеді. Бұл әрине жылдам және тиімді нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.


Ол бізге не үшін қажет?

* Қызару мен безеуді кетіреді

* Дақтарды жояды

* Теріні ылғалдандырады

* Оны тығыз және серпімді етеді

* Теріге жарқыл береді

* Қартаю процесін баяулатады және әжімдерді азайтады


Бетке арналған сарысуды қалай таңдауға болады?

-Егер теріңіз «қалыпты» болса, құрамында гликоль қышқылы мен алоэсы бар формуланы таңдаңыз. Алоэ вера-табиғи антиоксидант, ол қызаруды басады және теріні ылғалдандырады. Гликоль қышқылы терідегі өлі жасушаларды алады, әсерінен бет терісі балғын түске енеді.

-Егер сізде безеу болса, С дәрумені, ретинол және салицил қышқылын іздеңіз. С дәрумені қызаруды кетіреді, ретинол қабынудың пайда болуына жол бермейді, ал салицил қышқылы «ескі» безеулермен күреседі.

-Егер теріңіз «құрғақ» болса, гликоль және гиалурон қышқылы бар сарысуды пайдаланыңыз. Бұл екі қышқыл да терідегі ылғалды сақтауға көмектеседі, тері тығыз және серпімді болады.

-Егер әжімдерден арылғыңыз келсе, ретинол мен пептидтері бар құралды қолданыңыз. Ретинол жұқа әжімдерді жақсы тегістейді, ал пептидтер теріге саулық береді және «жастықты» қайтарады.

-Егер сізді шаршаңқы келбет мазалайтын болса (мысалы, ұйқының нашарлығы, экология немесе зиянды әдеттер), С дәрумені мен ферул қышқылы бар сарысуды қолданып көріңіз.


Бұл ӨТЕ МАҢЫЗДЫ:

Ашық күн астында жүргенде сарысу құрамындағы қышқылдар күйік тудыруы мүмкін, сондықтан сарысуды тек кешке қолданыңыз немесе соңынан күннен тиімді қорғайтын крем жағыңыз.

Бетіңізге көбірек сарысуды жағуға тырыспаңыз, бұл терінің тітіркенуіне әкелуі мүмкін, сонымен қатар өнім нашар сіңеді.


Сарысуды жақсы сіңіру үшін не істеу керек?

30-60 секунд ішінде сарысу сіңгенше, бет терісін саусақ ұшымен абайлап басыңыз. Тек сарысуды қатты ысқыламаңыз, ол теріге сіңіп кетсін.



Жуу керек пе?

Сарысуды сіңіру керек, сондықтан сарысуды бетіңізге жағып болғаннан кейін оны жуудың қажеті жоқ. Сарысу жабысқақ немесе майлы тұнба қалдырмауы керек. Егер осылай болса, мүмкін сіз тым көп сарысу жақтыңыз немесе өнімнің бұл түрі сізге сәйкес келмейді.


(Суреттер ашық дереккөзден алынды)


Көз астына арналған САРЫСУ бар

Көздің астындағы қара шеңберлерге қарсы сарысуды арнайы қолданыңыз. Әдетте, мұндай өнімнің құрамында мия тамыры немесе арбутин сығындысы бар. Өнімді көздің астына тікелей жағыңыз.


Сарысудың құрамында не болмауы керек?

Бізге жақсы көрінетін және жағымды иісі бар косметика ұнайды, бірақ бетке арналған сарысу құрамындағы бояғыштар мен хош иістер пайдасыз болып қана қоймайды, сонымен қатар өнімнің сіңуіне кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан тек табиғи ингредиенттерді таңдаңыз.


Бетке арналған сарысуды қаншалықты жиі қолдануға болады?

Барлық өнімдердің өзіне тән әртүрлі ерекшеліктері болады, сондықтан сатып алмас бұрын қаптаманы мұқият оқып шығыңыз. Әдетте, сарысуды күніне бір-екі рет қолдану жеткілікті. Кейбір сарысулар күндізгі немесе кешкі пайдалануға арналған. Егер сіз тек бір ғана түрін қолдансаңыз, бір рет жеткілікті болады. Егер күндізгі және кешкі сарысу болса, әрине оларды таңертең және жатар алдын пайдаланыңыз.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Соңғы уақытта ТРЕНДТЕ болған шаш үлгілері


2021-2022 ҚЫС маусымында НЕ КИЮ КЕРЕК?