Сізге қандай ФАСОНДАҒЫ той көйлегін киюге болмайды?

0
5 687

Үйлену тойында көпшіліктің назарын аударатыны ең бірінші – қалыңдық көйлегі. Қалыңдық көйлегін қалай таңдаған дұрыс?


Сізге қандай ФАСОНДАҒЫ той көйлегін киюге болмайды?

Сәнгерлердің айтуынша, соңғы кезде қыздар қалыңдық көйлегін той залының безендірілуіне және трендке қарай таңдайды екен. Сондай-ақ, еуропалық стильге әуес жастар көбейген. Бағасына қарап, «понт» үшін таңдайтын қыздар да бар.

Әрине, өмірінде бір-ақ рет киетін ақ көйлекті әр қыз өз қалауы бойынша таңдауға құқылы. Дегенмен, стилистердің «Қалыңдық көйлекті мүсін пішініне қарап таңдау керек» деген кеңесін де естен шығармаған жөн болар.


Сонымен, сізге қай фасондағы той көйлегі жарасады? Ал, қайсысын киюге болмайды? Бұл жөнінде стилист мамандар былай дейді:


«Ханшайым» фасоны

Кімдерге киюге болады: ұзын және орта бойлы қыздарға, бөксесі тым үлкен және бөксесі тым кішкентай келіншектерге, иығы жалпақ аруларға (төңкерілген үшбұрыш типіндегі мүсінге), жүкті келіншектерге

Кімдерге киюге болмайды: бойы қысқа қыздарға, «томпақ» аруларға, омырауы кішкентай бойжеткендерге


«А-силуэт» фасоны

Элегантты, романтикалық образ беретін бұл көйлектің фасоны «А» әрпіне ұқсайды. Бұл силуэт барлық қыздарға жарасымды. Өйткені, бойы қысқа қыздарды 5-10 см-ге ұзартып, ал «томпақ» қыздарды 3-5 кг-ға кемітіп, сонымен бірге сүйегі ірі қыздарды нәзік етіп көрсетеді. Сондықтан, кез келген бойжеткен ойланбастан осы фасонды таңдаса қателеспейді.


«Су перісі» фасоны

Той көйлектерінің ішіндегі ең тартымды фасон осы. Тізеге дейін мүсінді айқындап тұрады.

Кімдерге киюге болады: Өзіне және өзінің сымбатына сенімді қыздарға арналған, «Құмсағат», «алмұрттәріздес» типтегі мүсінге жарасады.

Кімдерге киюге болмайды: Бұл фасонды таңдамас бұрын, жақсылап ойланыңыз. Өйткені, мүсініңіздегі кішкентай ғана кемшілік (артық салмақ т.б.) бүкіл образыңызды бұзады. Егер, мүсініңіз «Тікбұрыш», «алматәріздес» типінде болса, мұндай фасонға жоламай-ақ қойғаныңыз жөн.


«Ампир» фасоны

Бұл фасон соңғы кезде сәнге айналды. Денеде еркін тұратын, сондай-ақ отырып-тұруға, билеуге өте ыңғайлы фасон.

Кімдерге киюге болады: Көкірегі кішкентай қыздарға, тым арық аруларға, бойы қысқа бойжеткендерге, сонымен қатар, «томпақ» және екіқабат келіншектерге

Кімдерге киюге болмайды: кеудесі тым үлкен келіншектерге.

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)

Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


40+ ЖАС: Қандай шаш үлгісі ЖАСАРТАДЫ, қайсысы ҚАРТАЙТАДЫ?

Кез келген ЕР-АЗАМАТТЫҢ гардеробында болуы тиіс 3 ДЖИНСЫ шалбар

Неліктен қымбат ІШ КИІМ кию керек?