Спорттық АЯҚКИІМ таңдағанда міндетті түрде ҰЛТАРАҒЫН көтеріп қараңыз

0
6 133

Неге? Себебі, оның сапасының жоғары екендігін ұлтарақ астындағы бір элементтен-ақ білуге болады.


Спорттық АЯҚКИІМ таңдағанда міндетті түрде ҰЛТАРАҒЫН көтеріп қараңыз

фото: ашық дереккөзден

Кез-келген заттың сапасына мән беріп, жіті бақылайтын адамдарда арнайы қағида қалыптасып қалады. Түр-түсінен қарағанда сапасына көбірек үңіліп қарайды. Ал, брендтің жетегінде кету - ол мүлдем басқа жағдай.

"Дүниенің кеңдігінен не пайда, аяқта аяқкиімің тар болса" деген екен. Сондықтан да, жүрген жүрісіңіз қалыпты, желдей жүйрік болу үшін өзіңізге ыңғайлы аяқкиім керек болады. Күнделікті қозғалыста аяқ бұлшықеттерін талдырмайтын спорттық аяқкиімдерден . Көрер көзге тартымды, әртүрлі сән үлгілерімен шығарылатын бұл аяқкиімдердің сапалысын қалай ажыратуға болады? Сапасын ажырата алмай әлек болып, соңында кеткен қаражат желге ұшып жататын жайттар да аз емес. Бірнеше сәнгерлер мен аяқкиім сатумен айналысатын мамандардың нұсқаларын салыстыра келе, сіздердің назарларыңызға қажетті кеңестер ұсынамыз.


Спорттық аяқ киімді таңдаудағы басты қағидалар

  • Салмағы өте жеңіл болуы шарт
  • Тігістері өте ұқыпты болуын қадағалаңыз, ешқандай желімнің көрінбеуі сапасының жоғарылығын білдіреді
  • Артқы жағының қатқылдау болуы аяққа нық отыруына себепші болады
  • Тұмсығының серпімді, яғни, оңай қозғалысқа түсетіндігіне мән берген жөн
  • Спорттық аяқкиімдерде ғана болатын ішкі жиегіндегі жұмсақ жастықша - аяқты қыспай қалыпта ұстап тұру қызметін атқарады. Бұл жастықша кез-келген жәй спорттық аяқкиімде бола бермейді
  • Сапалы аяқкиімнің тілшесі екі жағына бекітілгендігіне назар аударыңыз
  • Ең маңыздысы - аяқкиімнің ішкі жағына үңіліңіз. Ішіндегі арнайы ұлтарақ тәріздес матаны көтеріп қарасаңыз, табанында торланған жіптер тізбегі сапалы аяқкиім екенін көрсетеді.

Картинки по запросу кроссовки много


Әдетте, спорттық аяқкиім сатушылар сапасын көрсету үшін қолына алып, жан-жаққа мыжғылап жатады. Дегенмен де, сапалы аяқкиім жан-жаққа емес, тек бір бағытқа қарай ғана иілуі керек. Серпімділігі түрлі бағытқа кете беретін спорттық аяқ киімдер табан бұлшықеттерін зақымдауға алып келеді.


Картинки по запросу гнутся крассовку


Табанының сапасын қадай тексеруге болады?

Өзіңізге ұнаған аяқкиімді аларда оны бүгіп көруіңіз керек. Егер, қақ ортасынан бүгілсе онда ол аяқ киімді шетке ысыра салғаныңыз абзал. Ал, алдыңғы жағына қарай баүгіле бастаса, сапасының жоғары және ұзаққа жарамды екенінің белгісі.


женские кроссовки Найк


Кез-келген спорттық аяқкиімді таңдауда фирмалық түрінен екендігіне мән берңіз. Ол үшін біраз шығындануыңызға тура келеді. Есесіне, ұзақ уақыт рахатыңыз бен игілігіңізге киесіз.

"Арзанның - сорпасы татымайды" деген сөзді дәл осы жерде қолданғанымыз дұрыс шығар. Арзанға қызығу - ақшаны желге ұшырумен пара-пар.

Дайындаған: Г.Әмірәлі

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:

ӘЙЕЛДЕРГЕ КЕҢЕС: Еркектің назары ІШ КИІМГЕ ауады


Әр ЕР АЗАМАТ білуі керек: Шаш үлгісін таңдауда қатлестірмейтін КЕҢЕСТЕР