​ЦЕЛЛЮЛИТтен арылу үшін... 5 ЕРЕЖЕ

0
2 484

Мына 5 ережені орындауды әдетке айналдыра алсаңыз, ЦЕЛЛЮЛИТпен қоштасасыз!


​ЦЕЛЛЮЛИТтен арылу үшін... 5 ЕРЕЖЕ

Бірнеше ережелерді есте сақтағаныңыз абзал. Целлюлитпен күресуде түрлі амалдарды қолданып жүрген, бірақ, нәтижесі белгілі бір уақытқа ғана көз қуантатын немесе нәтижеге жету үшін күш-жігері жетпей жатқан аруларды МЫНА ережелерді мейлінше бұлжытпай сақтауға шақырамыз.

Өйткені, мұндай мәселемен бетпе-бет келген кез-келген әйел одан арылудың оңай еместігін жақсы түсінеді. Аяқ пен қолдағы және бөксе мен сан аймағында, қарын бөліктеріндегі «лимон қабығының көрінісі» тәріздес, кейде «ұсақ бедерлерден» құтылу оңай емес. Нәтиже сізді қуанту үшін әрине уақыт, шыдамдылық және жүйелілік қажет.


Мына 5 ережені орындауды әдетке айналдыра алсаңыз, терінің «жеккөрінішті ақауынан» арылуға және оны тегіс және серпімді етуге көмектеседі.


Дұрыс тамақтану

Күнделікті ас мәзіріңізге мейлінше көбірек ақуыз, күрделі көмірсулар мен талшықтар қосыңыз. Тауық еті, көкөністер мен саңырауқұлақтардан жасалған майсыз тағамдармен түрлендіріп отырсаңыз, нәтижеге жету де жылдамдай түседі. Өйткені, олардың құрамында терінің күйіне оң әсер ететін көптеген талшықтар, дәрумендер мен минералдар бар. Зиянды тағамдарды тұтынуды ұмытыңыз немесе сізге мұның бәрін бірден шорт кесу қиын болса, біртіндеп шектеңіз. Олардың қатарына міндетті түрде ұннан жасалған тағамдар, тәттілер және тұзды (әсіресе фаст-фуд), жартылай фабрикаттар мен күшті алкогольді ішімдіктер.



Целлюлитке қарсы өнімдер

Целлюлитті төмендететін және теріні тегістеуге көмектесетін өнімдер бар. Ең тиімдісі - грейпфрут, зімбір, қырыққабат. Целлюлитпен күресуде банан, күнбағыс дәні, майлы балық, авокадо, сұлы жармасы мен жұмыртқа жақсы көмектеседі.

Ауыз суды көп мөлшерде әрі үнемі тұтынуды әдетке айналдырыңыз. Күніне кемінде бір жарым литр таза су ішіңіз.


Денсаулықты тексеруді ұмытпаңыз

Целлюлитті үйде емдеуді бастамас бұрын, гормондармен, бұлшықет тонусымен, артық салмақпен және қанмен қамтамасыз етуде ешқандай проблемалардың жоқ екендігіне көз жеткізіп алғаныңыз дұрыс. Өйткені, целлюлит бұл ер мен әйелге де қатысты мәселе. Егер сізді целлюлит көптен бері мазалап жүрген болса, эстроген деңгейін тексеріңіз. Әрине, ерлерде целлюлит деген мәселе өзекті емес. Өйткені, оларда эстроген гормоны аз мөлшерде болады және май тіндерінің, әртүрлі гормоналдық күйдегі айырмашылықтарға да байланысты.


Жаттығулар

Теріні тезірек тегістеу үшін үнемі жаттығуды ұмытпаңыз. Күш жаттығулары мен созылу жаттығулары дәнекер тіндерге оң әсер етеді. Жиі қозғалыңыз- бір орында ұзақ уақыт бойы отыру мәселені шешуді ұзарта түседі.



Кофе ішіңіз

Кофеин целлюлитті азайтуға, қан мен лимфа түйіндерін жақсартуға көмектеседі. Целлюлитке қарсы кремдердің құрамында кофеиннің болатындығы да бекер емес. Кофемен пилинг жасаңыз, терінің проблемалы аймағына кофе жағып, пленкамен орап қойыңыз, скраб және массаж жасаңыз.



Коллаген өнімдері

Коллаген ағзаның дәнекер ұлпаларын біріктіретін ақуыздың бір түрі. Ол терінің иілгіштігі мен серпімділігі үшін жауап береді.

Атап өткеніміздей, коллаген бұл-ақуыз. Ағзамыздағы ақуыздың 30-40 пайызы коллагенге тиеселі. Коллаген терінің жастығын сақтайды, Сонымен қатар ол тырнақ, шаш, буын және ішек ұлпасында да бар. Коллагеннің 16 түрі бар. Оның үш түрі (90%) кеңінен таралған. Коллагеннің I және II түрлері сүйекте, теріде, сіңір байламдарында, ал коллагеннің III түрі буындарда болады.

Адамның ағзасы коллагенің қажетті мөлшерін өзі бөліп шығаруға қабілетті. Алайда, 25 жастан соң оның табиғи өндірісі төмендей бастайды. Міне, дәл осы кезде алғашқы әжімдерді байқауға болады, теріңіздегі алғаш пайда болған әжімдер ағзада коллагеннің төмендегенін білдіреді.

Коллаген терімізді, бұлшықеттерімізді және шеміршектерімізді қалпына келтіруге көмектеседі, сондықтан целлюлитпен күресуде өте маңызды.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


ПАЙДАЛЫ, АРЗАН әрі СҰЛУ ЕТЕТІН маскалар


ТЫРНАҒЫҢЫЗ әдемі болсын десеңіз, МЫНА тәсілдерді қолданыңыз