"Үй жағдайында инесіз БОТОКС". Әжімнен бір-ақ тәсілмен арылуға болады

0
4 860

Көз айналасындағы әжімдеріңіз шаршатты ма? Инесіз ботокс жасау жолымен-ақ мәселені шешесіз.


фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

ЕСКЕРТУ: Әдісті қолданбас бұрын маманмен кеңесіп алуды ұмытпаңыз.

Сұлулық бетте емес, жүректе. Десек те, ажары айнадан қарағанда тұп-тұнық болуы кез-келген нәзік жандының қалауы. Жүзіңізде қандай да ұялатын кемшілік болса, оны қалыпқа келтіру қиын емес. Ботокс, пилинг, терең әжім тарту тағысын тағы. Бұл иненің көмегімен жүзеге асатын қабылдауларды жасауда көбі тәуекелге бара бермейді. "Артық қыламын деп, тыртық қылып аламын ба" дейтін болар. Ал, бойларында үрей, жүректерінде жасатуға деген құлшыныс болып тұрса сіздерге үй жағдайында ботокс жасау техникасын ұсынамыз.


Ресейдің косметологтарының тәсілімен орындалатын бұл қарапайым техниканың ағзаңызға ешқандай зияндылығы жоқ. Ал, қажетті заттар - дәріханада сатылатын Солкосерил гелі мен Димексид.



Алдымен бетіңізді жақсылап тазалап, бет тазалығыш сусабынмен жуыңыз. Содан соң 1 шәй қасық Димексидті 10 шәй қасық қайнаған суға ерітіп, бетіңізді мақталы дөңгелекшемен жақсылап сүртіңіз. Оның үстіне Солкосорил гелін қалың етіп жағып 1 сағат уақыт күтесіз. Сол 1 сағат аралығында бетіңізді жылы сумен ылғалдандырып тұру міндетті. Себебі, бетке жаққан қоспаңыз кеуіп кетсе мақсатыңыз жүзеге аспайды. Ал, күткен уақытыңыз келгенде сулы мақташамен бетіңізді тазартасыз. Артынан сумен жуыңыз. Содан кейін, міндетті түрде аса майлы емес бетке арналған кремін жағып, ұйықтасаңыз болады.

Бір жасағаннан әжімдеріңіздің тартыла бастағанын байқайсыз. Біз ұсынған бұл кеңесті айын 1 рет жасап тұрсаңыз жеткілікті.


ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: Дәріханадан Димексидті алғаннан соң қайнаған суға ерітілген күйінде жағып көріңіз. Ешбір бөртпелер пайда болмаса, біз ұсынған кеңестен әжімдеріңіз кете бастайды.

Аударған: Г.Әмірәлі,

ERNUR.KZ