​Ұштанған шашты үйде СӘНДІ етіп ҚИЮға болады

0
2 311

Үй жағдайында сәнді етіп шаш қию оңай.


​Ұштанған шашты үйде СӘНДІ етіп ҚИЮға болады

фото: economri.ru

Шаштың ұштануы, құрғауы ауа-райының әсерінен де болатын жағдай. Бірақ бұл бір ғана себеп емес. Оның себептері әр алуан. Бірінші шашты күйдіретін заттар үтік, плойка, фен, гафри осының барлығы да себеп бола алады. Ал күйіп, ұштанып кеткен шаш ешқашан ары қарай өспейді. Оның емі ретінде біз шаштың ұштанған тұстарын қиып тастаймыз. Егер шашыңыздың ұзындығы өзіңізге ұнап, қимай тұрсаңыз, күтім жасаңыз. Ұштанған шашқа күтім жасаудың да түрлі жолдары бар.Қазіргі таңда полировка жасату да дұрыс шешім. Дегенмен қаражат мәселесі көлденең шығатын болғандықтан, алдымен шаш күтімінің ең тиімді әдістерін қолданып көріңіз.


Жуылған шашқа міндетті түрде термоқорғаныш (термозащита) мен емдік майларды қолданыңыз. Аптасына міндетті түрде 1 немесе 2 рет маска жасаңыз.

Сондай-ақ, шашымызға ғана емес, бүкіл ағзамызға көктем мезгілінде дәрумен тапшылығы байқалады. Сол себепті дәрумендерді көбірек қабылдау керек. Дәруменнің жетіспеушілігі де шаштың құрғақ болуының бір себебі болуы мүмкін. Сондықтан А, Е және В дәрумендерін қабылдаған жөн. Дәрумендерді ішуге болады және маскаларға қосуға болады.


Шаштың ұштанып кетуінен қалай сақтаймыз?
Ең дұрыс тәсілі шаштың ұштанған бөлігін қиып тастау. Алайда шаштаразға баруға уақыт тапшы немесе қаражатыңызды үнемдегіңіз келсе, үй жағдайында да шашты қиюға болатынын білсеңіз керек.

Ол үшін ешқандай құпия немесе қиындық жоқ. Бізге арнайы құралдар: қайшы, тарақ, киім қажет. Қабырғаға бекітілген айнаның алдында отырып шаш қию сізге мүмкіндікті көбейтеді. Айнаға арқаңызбен отырып, қарсы алдыңызға орындық қойып, оның үстіне тағы да үлкен айна қойыңыз. Қарапайым тәсіл болғанымен, сізге шаш қиюда үлкен көмек береді. Шаштың алды-артын толық көруге мүмкіндік аласыз.

Егер сіз шашыңыздың ұшын теп-тегіс етіп қиғыңыз келсе, шашыңызды екіге бөліп, екі резеңкемен жинаңыз. Одан кейін қажетті ұзындықта қайшымен кесіп тастасаңыз болады. Әрине, бір реттен теп-тегіс болып шығуы мүмкін емес, артық-кем тұстарын резеңкені шешкен соң түзетесіз.

Әрине шаш бір тегіс болып шығу үшін жақсылап тарап алу керек. Содан кейін жиналған шашты аздап ылғалдап алғаныңыз дұрыс.

фото: dlyarostavolos.com

Егер каскад немесе баспалдақ тәрізді (лесенка) шаш үлгісін жасағыңыз келсе, шашыңызды керісінше жинаңыз. Яғни, басыңызды еңкейтіп тұрып, маңдай тұсыңызға резеңкемен жинап қойыңыз.

Қайшымен керекті ұзындықты қиып аласыз. Резеңкені шешіп, тарап алған соң, кем-кетік жерін түзете саласыз.

Үй жағдайында шаш қию сіз ойлағандай аса қиын емес. Бар болғаны ынтаңыз болса, шашыңызды шаштараз шеберінен кем қылмай әдемі етіп қия аласыз.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ҚОЛыңызға қаншалықты КҮТІМ жасайсыз?


КҮЙЗЕЛІС – теріні ТЕЗ қартайтады