ЫСТЫҚ КҮНДЕ макияжыңыз "АҒЫП" кетпеуі үшін не істеу керек?

0
4 067

Күннің ыстығында біраз бояуларыңызды шетке ысырып тастауыңыз қажет болады


ЫСТЫҚ КҮНДЕ макияжыңыз

иллюстрациялық суреттер: ашық дереккөзден

Күннің аптап ыстығында сәнденіп боянудың қауіптілігі сол, жасаған макияжыңыз "ағып" кетуі ықтимал. Сондықтан да 30 градус ыстықта бетіңізді дұрыс күтіп, опа-далапты қалай дұрыс жағуы керктігін айтсақ, артық болмас.

Әр бояудың өз реті мен маусымы болатынын бірі білсе, енді бірі байқай бермейді. Қаншалықты бренд қуалаған сылқым болсаңыз да, шіліңгір шілдеде қымбат косметиканың бір тиынға да керек болмай қалатын кездері кездесіп жатады. Жаз мезгілінде не жағуға болады, қандай түрлерінен аулақ болуыңыз керек. Ал, кеттік.


Ұзақ сақталатын "супер" далап - жазда қажет емес

Похожее изображениеКартинки по запросу девушка блеск для губ

Жылтыр емес, қалыпты далапты жаз мезгілінде қолданбауды ескертеді мамандар. Бұл маусымда еріннен қарағанда бар назарды көзге бергеніңіз дұрыс. Яғни, ерніңізді ылғалдандырып тұратын ашық түсті далап немесе жәй жылтыр далапты өзіңізге серік етіңіз. Ал далапты жағудан басқа амалыңыз қалмаса, алдын ала ерінге маска жасаңыз. Ылғалдандырғыш кремді 1 сағат бұрын жақсаңыз далап ұзаққа шыдайды немесе кәдімгі бал жағып, ерініңізді қалыпқа келтіріп алсаңыз болады.


Қою қалам көзіңіздің әдемілігін көрсетеді

Похожее изображение

Кез-келген көз бояғыштарды қою қаламға алмастыратын уақыт осы жаз мезгілі. Себебі, қарапайым бояулардың тональді креммен қосарланып кетуі мүмкін. Сондықтан да, қара немесе басқа да түстердегі қаламдармен көздің жоғарғы жағынан сызып, оны арнайы құралдармен жан-жағына шашыратып шығамыз. Басқа ешнәрсе жақпасаңызда болады.


Макияж астына база қажет

Картинки по запросу наносить тонального крема

База жағу әдетте ең маңызды дүние саналады. Себебі, бет терісінің жасушаларына химиялық бояулардың тереңдеп кетпеуін қадағалайды. Бұл - бір. Ал, екіншіден, кез-келген бояуды қалыпты әрі ұзақ ұстап тұруға көмегін тигізеді. Әрине, ол сапалы болса.

Тональді кремді бетке ұрғылап жағыңыз. Үйкеленіп жағылған крем сіңбей қалуы мүмкін. Сондай-ақ, жазда өз теріңіздің түсінен бір тон ашық түсін таңдағаныңыз абзал. Тональді кремнің ақпауы үшін астыңғы база мен үстіңгі опаның дүрыс жағылуы маңызды.


Опаның да түсі ашық болғаны дұрыс

Картинки по запросу наносить пудра

Бетке барлық кремдеріңізді жағып болғаннан соң араға бірнеше минуттар салып, опаны жұқалап жағуыіыз керек. Қалың етіп жағылған опа,ыстық күнге дес бермейді. Ал, румянаның ақшыл түсі сіздің күеге қызған бетіңізді жасырып тұрады. Сонымен бірге, астыңғы тональді кремдерді еруіне жол бермейді.


Бояуды "қатырып" қоятын құрал қолданыңыз

Боянып болған соң ыстық күн мен тердің әсерінен макияж бүлінбеуі үшін сыртынан себілетін құралдар бар. Теріге арналған арнайы спрей. Аталмыш сепкіш құралдың негізгі қасиеті беттегі жағылған кез-келген боуыңызды бір қалыпта ұстап тұру, яғни қатықылдықты көрсетеді. Бұл спрей арнайы дүкендерде сатылымда бар дүние болғандықтан, кеңесшіден сұрап, өзіңіздің бет теріңіздің типіне қарай таңдап ала аласыз.

Сондай-ақ, үнемі балмен маска жасайтын қыз-келіншектердің макияжы ұжаққа шыдас беріп ақпай тұратындығын да айта кеткеніміз жөн. Ал, опа мен далапты мүлдем аз қолданатындардың күннің ыстығында боянбағаны абзал. Немесе, мейілінше аз сүріңіз. Бояуға үйреніспеген бет терісіне сіңбей, сыртқы бөлігіндегі қатпаршақтар күн сәулесінің температурасына ери бастайды.


Дайындаған: Г.Әмірәлі

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Жазда КҮНГЕ КҮЙГЕН бет терісін қияр мен ақжелкен АҒАРТАДЫ


Өзіңізге ЖАРАСАТЫН далап ТҮСІН таңдай алмай жүрсіз бе?