​Жарылған ерінді тез арада ЕМДЕУге болады

0
13 839

«А», «О», «И», «У», «Ы» дыбыстарын дауыстап қайталап жүрсеңіз жеткілікті.


​Жарылған ерінді тез арада ЕМДЕУге болады

Жылдың суық мезгілдерінде бет пен қол терісіне ерекше күтім қажет екендігі белгілі. Алайда, дәл осындай жылдың суық мезгілдерінде көп жағдайда еріннің құрғауы, жарылуы соның әсерінен ашуы жиі кездесіп тұрса да алдын-ала ерінге күтім жасау көпшілігіміздің ойымызда бола бермейді.


Мұндай мәселе туындаған кезде тез арада шешімін табуға болады. Ол үшін әрине, алдын алған абзалырақ, дегенмен, ерін суықтан жарылып, аши бастаған кезде тез арада төмендегі әдістерді қолданып көріңіз.



Уқалау (МАССАЖ)

Әрине, қатты жарылған, тілімденген ерінге бұл тәсілді қолданбау керек. Нәрлендіретін майлар жағып, тым құрығанда азық-түлік үшін қолданылатын сары майды да жағып қоюға болады. Еріннің құрғауы біршама қалыпқа келе бастаған сәтте ақырындап уқалау әдісін бастаңыз.

Күн сайын белгілі бір уақыттың арасында ерінге массаж жасау жұмсарып, әдемі түске енеді. Ерінге массаж жасау үшін кәдімгі тіс щеткасының жұмсақ қылшықтысын арнайы ерін үшін сатып алып қойыңыз. Ерніңізге массаж жасауға кіріспес бұрын, алдымен аз мөлшерде ерінге арналған бальзам немесе бет терісіне арналған кремнің өте аз мөлшері де жарайды, ол да болмаса кез-келген майды жағып алыңыз.

Ерінге массажды тек қана тіс щеткасымен ғана жасау керек деген қағида жоқ, саусақпен де ерінге массаж жасауға болады. Ерінге жаққан майдың толық сіңіп кеткенінше айналдыра уқалап, біркелкі қозғалыспен ерніңізге массаж жасаңыз.


Әжімге қарсы жаттығулар

Жылдың суық мезгілі басталғаннан терінің қартаюы жылдамдай түседі. Сондықтан, көптеген әйелдердің ерін айналасындағы әжімдердің пайда бола бастағандығы алаңдатады. Бұл мәселенің де шешімін табу соншалықты қиын емес. Ол үшін тек қана ерінбесеңіз болғаны.

Ерін айналасындағы әжімдерге қарсы жаттығу бар. Ол үшін екі күнде бір рет кемінде әрқайсысын 8-10 реттен «А», «О», «И», «У», «Ы» дыбыстарын дауыстап қайталап жүрсеңіз жеткілікті.

Сонымен қатар, күн сайын ерніңізді алға қарай созып, құдды бір жанып тұрған шамды үрлеп өшіргендей үпіріңіз. Мұны сегіз реттен қайталаңыз.



Қантты пилинг

Ерін жарылмау үшін аптасына 1 рет мына әдісті қолданып тұрыңыз. 3 ас қасық 1 ас қасық шекермен жақсылап араластырып, бір неше минутқа қысқатолқынды пешке (микроволновая печ) салып қойыңыз. Сосын дайын болған массаны ерінге жағып, жеңіл уқалаңыз және соңынан жылы сумен жуып тастаңыз.


Арнайы МАСКА

Егер сіздің ерніңіз құрғауға бейім болса, онда сізге арнайы маска жасауға кеңе береміз.

Бұл масканы бірдей мөлшердегі сүзбе мен қаймақтың қосындысынан жасауға болады. Екеуінің қосындысынан пайда болған қоймалжыңды ерніңізге толықтай жағып, 10-15 минуттан соң жұмсақ шүберекпен ақырын сүртіп алыңыз.

Тағы да бір әдісі қатықты ерніңізге жағып, кеберсігенін күтіңіз. Ерніңіздегі қатық кебе бастағанда үстінен тағы да бір рет қатықты жағып қойыңыз. Осылай 10 рет қайталаған соң, жылы сумен жуып тастайсыз.


Балды МАСКА

Жарылған ерінді ең жылдам, ең тиімді емдейтін нәрсе-БАЛ. Себебі, жарылған ерінге кез-келген бал түрін 10 минутқа жағып, соңынан ылғалды майлықпен сүртіп тастасаңыз, нәтижесін сол сәтте-ақ байқайтын боласыз. Бір ғана ескеретін жайт, балға аллергияңыз болмаған жағдайда ғана қолданыңыз.


Өсімдік майы да пайдалы

Суық күнде ерін аллергияға да бейім болады. Яғни, сезімталдығы бұрынғыдан гөрі арта түседі. Сондықтан, декоратив ерін бояуының орнына қарапайым өсімдік майын пайдаланғаныңыз жөн. Үйден шығардан жарты сағат бұрын ерніңізге өсімдік майын жағып қоюды әдетіңізге айналдырсаңыз, ерніңіздің жарылуының алдын аласыз және ерніңіз ашыған кезде өсімдік майы көмекке келеді.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


ЖАС көрінгіңіз келсе, КАРТОПТЫ пайдаланыңыз


Кәдімгі СҮЗБЕДЕН жасалған маска ӘЖІМДІ кетіреді