Жұмысқа кедергісіз қабылдану үшін қандай киім киген дұрыс?

0
2 040

Киім арқылы жұмыс берушіге жақсы әсер мен ой қалдырғыңыз келсе ...


Жұмысқа кедергісіз қабылдану үшін қандай киім киген дұрыс?

«Киміңе қарап қарсы алады» деген сөз бекер айтылмаған. Әсіресе, жұмысқа жаңа қызметкер аларда басшылар мен кадр бөлімі меңгерушілері киген киіміне баса мән береді. Үстіңізге ілген киім-кешегіңіз оларға белгілі бір деңгейде азды-көпті ақпарат беріп тұрады. Бірте-бірде бұл дағды мекеме қызметкерлерінде де бейсаналы түрде болсын қалыптасатын көрінеді.

Жаңа жылдың алдында жаңа өмір бастағыңыз келіп, жаңа жұмыс іздеп жүрсіз бе? Ендеше, киіміңіз арқылы өзіңіз жайлы жақсы ой қалыптастыруға тырыспайсыз ба? Қалай екенін білмесеңіз, төменнен біліп алыңыз.

  • Киім кию мәнерінде қарама-қарсы түстерді үйлестіргендер бірден доминант типіндегі адам ретінде әсер қалдырады. Оларды билікке ұмтылғыш, көшбасшы деп қабылдайды.
  • Жұмсақ (пастель) түсті киімдер киген адам ішкі гармониясын тапқан, жаны тыныш кісі ретінде көрінеді. Киім-кешек пен макияждағы жалбыз, маржан, көгілдір ақық түстер сөйлесушіні тез баурап алуға көмектеседі.
  • Қою, қара қошқыл түсті киімдер сізді бақылаушы адамға сенімді, тиянақты, алға қойған мақсатына ұмтылғыш жан етіп көрсетеді.
  • Сұр – жұмыс іздеушілерге кеңес етілетін негізгі түстердің бірі. Ол кәсібилікпен, салқынқандылықпен, қызметке әзірлікпен, бірізділікпен ассоциацияланады. Сырт бейнеге сырбаздық үстейді. Сонымен қатар, киген адамның ұжыммен жұмыс істеуге әзір екенін, әріптестерінің пікіріне құлақ аса білетінін білдіреді. Сұр киіммен тым сұрқай, көңілсіз, сенімсіз көрінбеу үшін ашық-жарқын түстердегі аксессуарлармен толықтырсаңыз болғаны. Мәселен, қою-сұр түсті костюм, ашық-сұр түстегі жейде, көк-сұр бәтіңке киіп, көгілдір галстук таққан ер адам байыпты да байсалды, сонымен қатар бірегей адам ретінде әсер қалдырады.
  • Егер көздеген қызметіңіз басшылық болса, киіміңізде көк түске басымдық берген жөн. Көк киімге киген адамдарға қарағанда интеллекті жоғары, кәсіби біліктілігі басым, сенімді, тиімді жолды таба білетін, абыройлы деген сипатталамар өз-өзінен келеді ойға. Бизнес-ортада ашық көк түстерге қарағанда қою, көмескі көк түстер ұтымдырақ.
  • Мамандығыңыз шығармашылықпен байланысты болса, қажетті де тиісті қабілеттеріңізді көрсету үшін күлгін түсті қолданыңыз. Күлгін креативтілік, бірегейлік, ерекшелік, өзіне деген сенімділікпен ассоциацияланады. Бірақ, бәрінің шегін білген дұрыс. Күлгіннің көп болмауы да маңызды. Ең дұрыс үйлесім – сұр немесе көк және күлгіннің шегіргүл не лалагүл түсті реңктері.
  • Жұмыс туралы сөйлесуге барғанда орынсыз саналатын түстердің бірі – жасыл. Бұл түсте киінген адам тым жас, соған сәйкес кәсіби біліктілігі төмен, тәжірибесі аз маман ретінде әсер қалдырады.
  • Сондай-ақ, қызыл, тоқ сары және сары түстер де қарсы алдыңызда отырған адамды тез шаршатады, наразылығын тудырады. Сондықтан, кадр бөлімі меңгерушілері және басшылармен сұхбаттасарда бұл түстердегі киім киюден аулақ болыңыз. Қызыл-сарыны тым жақсы көрсеңіз, аксессуарларда қолданумен шектелген абзал.
  • Шашы бұйраланған, киімдеріне гүл суреті басылған не гүлді өрнектер тоқылған қыз баласына қарап, одан болашақ кеңе қызметкерін, жетекші не бөлім басшысын көру қиын. Осыны ескеріп, жұмыс жайлы сөйлесуге барғанда шаш үлгіңіздің тік, киімдеріңіздің біртүсті не ұстамды притнпен болуын қадағалаңыз.
  • Қымбат брендтердің логотипі, көзге бірден көрінетін сағат, тоғыншақ секілді көлемді аксессуар, кешкі салтанатқа арналғандай тым мәнерлі аяқкиім, соңғы сән үлгісіндегі заттар – мұның бәрін сөйлесушіге айрықша әсер қалдыру үшін қолданғыңыз келуі мүмкін. Алайда, мұндай бұйымдардың арқасында жеткен әсер кері, пікір теріс қалыптасу ықтималдығы жоғары. Кәнігі кадр таңдаушы өзін тым айшықтап көрсетуге әуес жандарды болашақта жақсы маман болады деп санамайды.
  • Сырт келбеттегі ұқыптылық деген жақсы-ау. Алайда, шектен шығып кетсеңіз, оның да да кері әсері бар. Әдетте, шамадан тыс ұқыпты жандар агрессияға берілгіш, тазалық пен тәртіппен тым қатты «ауыратын» адам әсерін қалдырады.
  • Нақты қай қасиетіңізге баса назар аудартқыңыз келеді, соны мақсат етіп қойып, соған сай әрекет еткен де дұрыс. Айталық, сіз өзіңізді ұсынып отырған қызметке жинақылық, мықты логика, ұтымдылық, жоспарлау және басымдық бере білу қабілеттері маңызды делік. Бұл әдетте қаржыгер, заңгер, талдаушы-сараптаушы мамандықтары үшін қажет болады. Мұндай жағдайда етек-жеңі жинақы, қысқалау, ықшам киім үлгілерін киген дұрыс. Аксессуар таңдауда минимализмді ұстаныңыз, киім мен аяқкиімнің сапалы болуына да мән беріңіз. Егер болашақ мамандығыңыз шығармашылықпен байланысты болса, қараған адам сіздің сыртқы бейнеңізден бір өзінік ерекше деталь көре алуы керек. Бұл пішімдегі ассиметрия, өзгеше жаға, аксессуарлардың өзгеше қырынан қолданылуы болуы мүмкін.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ