Ақылды ӘЙЕЛ КҮЙЕУІНЕ бұл сөздерді АЙТПАЙДЫ

0
2 927

Аңдамай ауыздан шыққан сөз үлкен соғыс, яғни отбасылық соғысқа алып келуі мүмкін.


Ақылды ӘЙЕЛ КҮЙЕУІНЕ бұл сөздерді АЙТПАЙДЫ

Барлық отбасыда әйтеуір бір реніш, ұрыс-керіс болатыны анық. Алайда соның ішінде бақыттылары дұрыс ұрыса білетін отбасылар.

«Он бәленің тоғызы тілден» деп бекер айтылмайды. Кейде бір ауыз сөзбен жылдар бойы құралған шаңырақтың тоз-тозын шығаруға және керісінше шытынап тұрған отбасыны бірауыз сөзбен қайта тауластыруға болады. Аңдамай ауыздан шыққан сөз үлкен соғыс, яғни отбасылық соғысқа алып келуі мүмкін. Ендеше ұрыс-керіс кезінде ер-азаматыңызға төмендегі сөздерді айтудан сақ болыңыз!


"Ажырасамыз, мен сенен кетем!"

«Болды, тойдым», «мен кетемін», «ажырасам, сенімен тұрғым келмейді!» - бұлар ұрыс кезіндегі ең қауіпті сөздер. Мұндай сөздерді айтпастан бұрын, сөздік қорыңызға енгізбес бұрын, жақсылап ойланып, ойша ажырасқан, бөлек кеткен, жеке өзіңіз балалармен, оларды әкесіз өсіріп жатқаныңызды елестетіп, суреттеп көріңіз! Сіз бір ауыз сөзбен өз тағдырыңызды ғана емес, жұбыңыздың және балаларыңыздың, ата-аналарыңыздың да тағдырын шешіп тұрсыз. Ал егер ашу үстінде аузыңыздан осы сөз шығып кеткен болса, онда тез арада жұбайыңыздан сенімді етіп кешірім сұраңыз және мұның қайта қайталанбайтынына уәде еткеніңіз жөн болады.

"Мен есімнен адасқан жоқпын!"

Ұрыс кезінде осылай айта тұрып, есі ауысқан адамның тірлігін жасайтынымыз жасырын емес. Жаман сөздер айтамыз, есікті қатты жауып, айтылып жатқан сөзді мүлде тыңдамай өз-өзімізбен ұрысып кететініміз де бар. Кейбір қыз-келіншектер тіпті ыдыстарын қиратып, лақтырып долылыққа салынып жатады. Ашудан өз эмоцияңызды бағындыра алмай қаласыз.

Мұндай әрекеттер сырт көзге өз ойын жеткізу емес, жындының әрекетіндей көрінеді. Сондықтан жындының ісін істеп, есімнен адаспадым деп айта көрмеңіз!

"Баланы осы күйге жеткізген сен!"

Ата-ана арасындағы түсінбеушілік, ұрыс-керіс зардабын бірінші тартатындар – балалар. Сіздердің айқай-шуларыңыздан балалар қорқып жылауы мүмкін. Бұл - әкенің жанды жері. Бала жылағанда, сенің кесіріңнен деп күйеуден көру, оны кінәлі етіп қою әділдік емес. Ұрыс-керіс кезінде екі жақтың да кінәсі болады. Алдымен баланы тыныштандырып, өзіңіз сабырға келуге тырысуыңыз қажет.

"Сен үнемі осылай істейсің!"

Болмашы мәселелер бір қателікті қайталай берген кезде дауға айналып шыға келеді. Мысалы егер сіз жолдасыңызды бір қате ісі немесе сөзі үшін кешірген болсаңыз, кешірімді міндет етпеңіз. Яғни өткенде де осы ісің үшін кешірген едім, сен үнемі осылай істейсің, деген сынды сөздерді айтып ұрысты өршітудің қажеті жоқ. Егер жолдасыңыз бір қателікті сан рет қайталап, мәселеңіз шеңбердің ішінен шықпай қалғандай болса, онда мұның өзгеше жолын қарастырған жөн. Қарапайым мысал: егер жолдасыңыз сізге назар аудармай қалса, тағамыңыздың дәмді екенін айтпаса, онда ерекше көзге түсетін көйлекті киіп, боянып алыңыз немесе өмірі үйде істелмеген тағамды ғаламтордан қарап жасауға болады.

Үнемі кешігіп жүресің!

Егер жолдасыңыз үнемі кешігіп жүретіндер қатарынан болса, сол әрекеті үшін кінәләй берудің орнына жақсылап сөйлесу қажет. «Сен үнемі кешігіп жүресің», деп емес, «сенің біздің жанымызда болғаның маңызды» деген секілді сөздермен алмастырған жөн. Болмаса бір жерге баратын кезде, 1-1,5 сағат алдын немесе сол күні ерте бастан қайта-қайта еске салып отырған дұрыс секілді.

Сен неге ашулана бересің?

Егер ер адам өзінен-өзі ашуланып, сіздің жылы, жағымды сөздеріңіз бен ісіңізге бұрқылдап жауап қатып, қабағының қыртысы жазыла қоймаса «сен неге ашуланып тұрсың?» немесе «осы сен неге ашулана бересің?» деген сұрақтарды қоюдан аулақ болғаныңыз жөн. Әрине оның ашуының себебі сіз болмауыңыз мүмкін, тек өзге нәрсеге көңіл-күйі болмай тұрған шығар. Өкінішке орай ашулы көңіл күй жаныңа жақын адамыңа тиіп кетіп жатады. Яғни таз ашуын тырнадан аладының кері келеді. Сондықтан жолдасыңыздың ашуына май құйып алмаңыз. Ондайда ең дұрысы көзіне көп түспей, ештеңе естімеген, көрмеген бола қаған жөн. Сабырға келгенде, ашуы басылғанда не болғанын өзі-ақ айтады.

Осының барлығы сенің кесірің немесе осыған сен кінәлісің!

Жолдасыңыз үшін жұмыстан кешіктіңіз немесе өзге істеріңізге кінәлі болып, айтқаны тура келмей сізге кесірі тиді ме? Қарапайым мысал, жұмысқа өзім жеткізіп саламын деп жолда көлік бұзылып немесе кептеліске тұрып қалдыңыз. Болмаса сіз не керегі бар деген өзіне қажетті құралды алып керек қаражатты өзге нәрсеге жұмсап жіберді. Мұндайда ашумен сенің кесіріңнен осылай болды деудің қажеті жоқ. Жолдасыңыз онсыз да өз кінәсін сезінеді, сондықтан оны одан әрі жазғыра берудің қажеті шамалы. Тек жәй сөзбен көңіліңіздің түсіп қалғанын айтсаңыз жеткілікті.

Сен кімге керексің?

Ашуыңыз шегіне жетіп тұрса да бұл сөзді ешуақытта айтпауға тырысу керек.Жолдасыма ешкім қарамайды деп қателесудің қажеті жоқ. Ер адам қандай болса да, мейлі үйсіз, жұмыссыз, реңсіз болсын оған қарайтын, қуана қабыл алатын әйел заты табылады. Сондықтан ренжіскен күннің өзінде «сен кімге керексің?» деген сөзді айтпаңыз.

Далбаса, болмағыр нәрсеге қызығасың!

Ашу үстінде «болмайтын нәрсеге қызығасың» деген сөзді айтпаған жөн. Себебі сіз оның қызығушылығын бос, далбаса нәрсе дей отырып, жолдасыңыздың намысына тиіп алуыңыз мүмкін. Адамдардың қызығушылығы әртүрлі болатыны естен шықпағаны дұрыс. Сіздер бір бүтін отбасы болғандарыңызбен қызығушылықтарыңыз қарама-қайшы болуы әбден мүмкін. Сондықтан жолдасыңыз қай нәрсеге қызықса да бос, далбаса деп айта көрмеңіз.

Әрине мұндай айтуға болмайтын сөздер тізімін әрі қарай да тізе беруге болады, бірақ біз ішіндегі ең маңыздысын, отбасы бірлігі, ерлі зайыптылар татулығы үшін айтылмауға тиістілерін жинақтадық. Шаңырақтың берекесі, оның бірлігін ұстаушы әйел-ана екенін естен шығармайық. Ашуды ақылға жеңдірген, сабырлы, байыпты, дана отанасы болыңыздар!

Дайындаған: Э. Базарбаева,

ERNUR.KZ.

Тағы оқыңыз: Кейбір ЕНЕ түскен КЕЛІНДІ неге ЖАҚСЫ КӨРМЕЙДІ

АНАСЫНЫҢ бұл әрекеті ҰЛ баланың СЕКСУАЛДЫҚ қабылдауын бұзады