​Әлем елдерінде әйелдерді қалай бағалайды

0
1 770


​Әлем елдерінде әйелдерді қалай бағалайды

Шетелдік әйелдер дегенде алдымен көз алдымызға өзіне нық сенімді, өз табысы бар, білімді, сұлулық салонына, фитнес клубқа барып тұратын көңілі тоқ, көйлегі көк әйел келеді.

Ендеше әлем елдерінде әйелді қалай бағалайтынын, әйелдерге қатысты нендей салт ұстанатынын, қаншалықты құрмет тұтатыны қызық болар?!


Шотландия - Шотландықтардың үйлену ал­дындағы дәстүрлері тіптен ерек­ше. Күйеу жақтың туыс­тары тойдан бір күн бұрын тұз­дықты, кеспені, сәбізді, қыш­қыл сүтті, майды және тағы да басқа көптеген тамақтарды ара­ластырып ботқа жасайды да, қалыңдықтың үстіне «байқау­сызда» құйып жібе­реді. Есін жинап үлгермеген бола­шақ келін­дерін жуындырмас­тан, ауыл-аймақты айналдырып жүргі­зеді. Үсті-басы әбден былған­ған келін­ді адамның көбірек көр­гені жақсы ырым саналады. Мұ­ның мәні – басынан мұндай қиын­дықты өткерген әйел отба­сылық өмір­де кездесетін барлық кедергі­лер­ге төтеп береді деген сенімдерінде екен.


Аустралия. Бұл елдің үй­лену рә­сімі қарапайым болғанымен, жігіттеріне қалыңдық табу қиынға соғады екен. Себебі үйленуге дайын­мын деген жігіт қолына тоқпақ алып, қалыңдық іздейді, ал өзіне лайық жар болатын қызды тапқан соң, тоқпағының көмегімен ұрып тал­дырады. Есін жиған соң мән-жайды түсіндіріп, бола­шақ қайын жұртымен таныс­тырады.


Қытайбұл елде демографиялық ахуалға байланысты қолға алынған «бір бала саясаты» бойынша жыл сайын миллионнан астам әйел түсік жасатады екен.Сондықтан мұндағы әйелдердің көбінің денсаулығы тез сыр береді.


Пәкістан - діни қөзқарастарды берік ұстанған ел. Бұл елде қыздан «жоқ» деген сөз естіген жігіт, ол қыздың бетіне кез-келген қышқылды шашып, күйдіріп тастай алады. Сондай-ақ ерте жастағы зорлық пен тұрмыстағы әйелдерді қатаң жазалау қалыпты жағдай саналады.


Жапониябұл елде келісім жасы – 13 жас. Осы айтылған жасқа жеткендегі қыз балалар жыныстық қатынасқа түссе, ол зорлауға жатпайды. Сондай-ақ Жапондар тазалық сүйгіш халық болса да, отбасында неше жан басы бар екеніне қарамастан, бір ваннаға бәрі де кезекпен суын ауыстырмай түсе береді.


Англияда тұманды елге келін болатын қалыңдық өзінің шыдамдылығын көрсету үшін өте ауыр болып келетін шіркеу сан­дығының қақпағын көтеруі тиіс.


Африка - мұндағы қыздар тұрмысқа шықпас бұрын әбден семірулері керек. Ол үшін қыздың туыстары бір ай бойы қызды бір үйшікке қамап, алуан түрлі тағамдар әкеліп беріп семіртеді.


Франция француздарда тән лаззатын алуға шектеу жоқ.Сондықтан да бұл елде үйленуге қарағанда ажырасатындар өте көп.


Үндістан (Индия) Үндістан елінде ата-ана қызға қарағанда ұлды болуға ұмтылады. Сондықтан ондаған миллион қыз балалар туылмай жатып, жасанды түсіктің құрбаны болып кетеді. Сондай-ақ жас қыздарды ұрлап жезөкшелік жолға салу да қарапайым жағдайлардың бірі.


ЙеменЙеменде қыз балалар мүлде мектепке барып оқып, білім алмайды. Себебі оларды жеті жасынан бастап тұрмысқа береді.


Сауд Арабия бұл елде әйелдерге арналған түрлі тыйымдар мен ережелердің жиынтық заңнамалары бар. Сауд Арабиясы әйелдердің көлік жүргізуіне тыйым салған әлемдегі бірден-бір мемлекет. Мұндағы әйелдерге күйеуінсіз сыртқа шығуға, өзге еркектермен сөйлесуге, қоғамдық көлікпен жүруге тыйым салынған. Денесін, бет-аузын толық жауып жүретін киім киеді.


Үндістер - үндістерде ағашқа үйлене беруге болады. Қалай дейсіз бе? Өте қарапайым. Қазақ халқындағы ежелден келе жатқан дәстүр се­кілді, оларда да кіші ұл үлкенінен бұрын үйлене алмайды. Ал кішіге жол беру үшін үлкендері ағашқа үйленеді. Той біткен соң, ағашты кесіп тастайды. Бұл келіншектің өлді дегенін білдіреді.


Ауғанстан бұл елде әйелдердің 85%-ы медициналық көмек көрмей босанады. Ауғанстан – әлемдегі ана өлімі жоғары, яғни, босану үстінде қаза табатындар саны көп ел.


Сондай-ақ ғаламтордағы мәліметтерге сүйенсек, соңғы 10 жылда Бpитания, Фpанция, Геpмания және АҚШ пен Финляндия секілді дамыған алпауыт мемлекеттерде қыздарды сүндеттеу фактілері көптеп кездескен. Сүндеттеу - жыл сайын әлемнің 30 елінің 84 миллион әйелі зардап шегетін дәстүрлі ритуал. Ең көп тараған орталығы Африка, сонымен бірге Азия мен Латын Америкасында да жиі кездеседі. Бұл дәстүрдің басты себебі - қыздың «пәктігі» мен «тазалығын» сақтау және сексуалды белсендігін жою, яғни күйеуіне деген адалдықты ұстау.


Әрине ешқандай ұлттың, елдің жаманы жоқ. Дегенмен әрбір ұлттың өз ұстанымы, ділі мен діні, әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі бар. Жүз жерден махаббат пен түсіністік болғанның өзінде ұлттық болмысы мен танымы бөлек жандардың көзқарастары екіге бөлініп, бір-бірінен ерекшеленетіні ақиқат.

Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Ата-ананың баласына ренжуі ДҰРЫС па?

"ҚАРТАЙҒАНДА" туған бала: ата-ана нені ескеруі керек