Ата-ана баласына баспана әперуге міндетті ме?

0
4 985

Үш қымбат дүние - бұны ата-ана балаға еш қиындықсыз беруі тиіс.


Ата-ана баласына баспана әперуге міндетті ме?

фотолар ғаламтордан алынған

Ата-ананың баласына деген махаббаты жаратылыс кереметтерінің бірі. Бұл шынайы сезім, балаға деген қамқорлық пен оның жақсы, бақытты өмір сүру жағдайын жасауға деген құлшыныста көрінеді. Тек көптеген ата-аналар баланың қай уақытқа дейін айтқанын орындап, оны қамтамасыз ету керектігін және қай кезде оның қалағанын беруге міндетті екенін біле бермейді.

Анығында бала өз ата-анасынан талап етуге құқылы бірнеше қымбат дүниелер бар. Сондықтан әрбір перзентім үшін дейтін ата-ана бұл дүниелерді балаларының өзінен ғана алуына барын салады.


Жақсы білім

Баланың жақсы білім алуы үшін міндетті түрде ата-ананың көмегі қажет. Ол қандай көмек болуы мүмкін? Мысалы мектеп бітіруге жақындаған балаларды оқуға түсуге дайындайтын жақсы мұғалімдер, оқу орталықтары, курс табу. Сондай-ақ баланың қабілетіне қарай, келешекте соны жалғастыратынына сенімді болғанда түрлі үйірме, дайындық курстарын таңдау.

Мәселен, бала кішкентайынан өнерге әуес немесе спортқа жақын болса. Жоғарғы оқу орнын ата-ана баламен бірге, оның қалауымен санаса отырып, қазіргі заман талаптарына сай етіп таңдауы тиіс. Сонымен қатар, бала басқа қаладағы оқу орнын қаласа, ата-ана алысқа жібермес үшін жақын маңдағы ескі немесе білім сапасы төменірек оқу орнын таңдауы мүмкін.

Баланың жақсы білім алуы үшін әрбір ата-ана қаражат тауып беруге міндетті. Себебі жақсы білім алатын жердің көпшілігі қаражат талап етеді. Тіпті тегін білім алғанның өзінде оқуға қажетті құрал-жабдықтардың өзіне біршама қаражат керек. Бұдан өзге қазір елімізде балалардың жақсы , тегін білім алуы үшін жағдайлар жасалып, түрлі бағдарламалар шығарылуда. Сондай мемлекеттік бағдарламаларды ғаламтордан тауып,оларды зерттеп көріп баланы бағыттауға, көмектесуге болады.



Денсаулығына қарау

Баланың сұрағанының көпшілігін алып бермеуге, бас тартуға болады. Алайда бала денсаулығы әрдайым бірінші орында тұруы тиіс. Яғни қаражат жеткіліксіз деп баланы дәрігерге көрсетуден бас тартып, өз бетінше үйде емдеуге болмайды. Қаражатқа қазіргі кезде кейбір діни сенімдер қосылған. Мысалы, қажет кезде балаға қан құюға болмайды деген секілді. Алайда мұның бәрі бала денсаулығына кері әсер ететіні белгілі.

Сондай-ақ бала дені сау болып өсуі үшін түрлі қажетті дәрумендер, сапалы, пайдалы тағамдармен, қалыпты, жайлы өмір сүретін баспанамен қамтамсыз етуге міндетті. Алайда «мен міндеттімін» деп қалаған тәттісін, денсаулыққа зиянды фаст-фуд тағамдарын, газдалған сусындарды әпере беруге болмайды.


Киіндіру

Ата-ана баланы киіндіруге міндетті. Әрине киіндіру дегенде соңғы үлгідегі сәнді, бренд киімдер емес. Бастысы балаға ыңғайлы, табиғи материалдан жасалған ауа өткізетін, синтетика емес киім болғаны дұрыс. Сәнді деп тар джынсы немесе лосина кигізіп қоюға болмайды.


Ата-ана баласына баспана әперуге міндетті ме?

Бұл сұрақ төңірегінде дау өте көп және көптеген есейген балалар ата-анасын үй әперуге міндетті деп санайды. Ал шын мәнінде ата-ананың міндеті – баланың жақсы білім алуына жағдай жасау, денсаулығына қарау және жақсы тәрбие беріп, өз аяғына нық тұра алатындай, келешекте өз қажеттілігімен өзін қамтамасыз ете алатын (соның ішінде баспанамен де) сенімді тұлға өсіру. Сондықтан ата-анадан баспана талап ету орынсыз.

Негізінде ата-ананың міндеттерінің аясы өте кең. Бірақ соның ішінде ең бастысы – ол балаға деген махаббаты, шыдамдылық, даналық кеңестер, сенім мен түсіну.


Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз:


СҮРБОЙДАҚ немесе АЖЫРАСҚАН: 30+ қыздарға қайсысы дұрыс


Ата-ананың назарына: баладағы БҰЛ ЖАҒДАЙ суицидке апаруы мүмкін