Ерлі-зайыптылар БІРГЕ ҰЙЫҚТАУЫ керек

0
20 553

Бір төсекте жату иммунитетті нығайтады.


Ерлі-зайыптылар БІРГЕ ҰЙЫҚТАУЫ керек

Ерлі-зайыпты болған соң бір төсекте, бір көрпе астында жату – ол заңдылық. Алайда, бүгінде отау құрғандарына 20-30 жыл болған жұптардан өзге, кеше ғана үй болған жастар да кейде ыдыс-аяқ сылдырап қалса, ашуға беріліп бөлек жатуға шешім қабылдап жатады. Мұндай қадамдарын ақтап алу үшін әркімнің өз сылтау, себебі бар.

Бірақ қандай жағдай болмасын ерлі-зайыптылардың бөлек жатуына болмайды. Мұның соңы тек қарым-қатынасқа ғана тимейді, кейде аяғы айырлысуға дейін апарып жатады.


Ерлі-зайыптылар – бірін бірі толықтырып тұрған екі жан. Егер олардың бірін екіншісіне наразы болса, оның қорылдағаны, көрпені тартып алатыны т.б ұсақ-түйек жағдайлар ұнамаса, демек махабаттың сөніп бара жатқаны.

Ал егер жұбайлар бөлек жататын болса, тек кейде жұбайлық міндетін орындау үшін ғана жақындасатын болса, онда бұл ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас емес...


Бірге ұйықтау өмірді ұзартады

Статистика бойынша ерлі-зайыптылар бірге ұйықтағанда олардың денсаулығы айтарлықтай жақсарады екен, тіпті ұзақ өмір сүруге ықпал етеді. Егер сіз жолдасыңызбен араздықта жүрген болсаңыз және ол соның салдарынан бөлек жатып жүрген болса, онда бұл жағдайды ұзаққа созып алмаңыз. Бұл сіздің денсаулығыңызға кері әсерін тигізеді.


Бірге ұйықтау күйзеліс деңгейін төмендетеді

Әрбір әйел заты жолдасының жанында жатқанда өзін панада жатқандай сезінеді. Яғни жанындағы қорған болар азаматына сенеді. Жүйкесі тыныш болады. Ал егер бөлек жатса, онда әйелдің ойына сан түрлі нәрселер келіп, мазасыздық бойын билейді.


Балалы болғанда да бірге жатқан дұрыс

Кейбір келіншектер балалы болған соң бар махаббаты баласына ауып, жолдасына деген сезімі кейінге шегеріліп жатады. Әрине, бала мен ана арасындағы сезім ерекше, алайда ол үшін жолдасын бөлек жатқызуы дұрыс емес. Қайта баламен бірге ұйықтаған жөн. Баланың көзінше ара-қатынасты талқылап, ашу шақыруға болмайды. Ал бала өз махаббаттарының жемісі болған соң, араздасқан жандар тезірек татуласып кетуге тырысары хақ.



Бірге ұйықтау иммунитетті нығайтады

Мамандардың айтуынша, бірге ұйықтау иммунды жүйеге оң әсер етеді және ағзадағы қабыну процесін төмендетеді.


Бірге ұйықтау махаббатқа жауап беретін гормонды көтереді

Махаббат гормоны жоғарылағанда, жайсыз сезімдерден арыла бастайсыз. Былай айтқанда бірге ұйықтаған кезде ерлі-зайыптылар ұйқы қанбау және шаршап, қалжырауды аз сезінеді.


Бірге ұйықтау мааббат сезіміне бөленуге ишара

Көп жағдайда араздасқан ерлі-зайыптыларды төсек татуластырады деп жатады. Яғни, ашудың бәрін ұмыттыратын жолдасыңыздың ыстық құшағы.


Бақытты әйел тез ұйықтайды

Психолог мамандар көптеген зерттеу нәтижелерінен кейін, қандай жағдай болмасын күйеуімен бір төсекте ұйықтайтын әйелдер, түрлі сылтаумен бөлек жататын әйелдерге қарағанда әлдеқайда бақытты деген тұжырымға келген. Сондай-ақ ондай әйелдер, күйеуінен төсегін алшақтатқан жанға қарағанда тез ұйықтайды екен. Ер азаматымен бір төсекте ұйықтау ұйқыға оң әсерін тигізеді. Сондықтан ұйқым тыныш, жайлы болсын деген әйел баласы жолдасымен бірге ұйықтауы тиіс.


Міне, егер ерлі-зйыптылар әр кеш бірі-бірін құшақтап, бір көрпе астында ұйықтайтын болса, онда ол өте бақытты отбасы. Тіпті олар күндіз бірі-біріне ренжіп қалып сөйлеспей жүрсе де, бір төсекке келгенде кешірім де сұралады, мәселенің барлығы да талқыланып шешімін табады. Бұл олардың бір-біріне деген жақындығын сезіндіріп, сенімдерін арттыра түседі. Түнді бір төсекте өткізетін ерлі-зайыптылар бірте-бірте бір-бірінсіз ұйықтай алмайтын болады.


Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ұлыңыздың кейбір құпияларын күйеуіңізге айтпаңыз