​«КЕДЕЙ» күйеуіңізді БАЙЫТАМ десеңіз...

0
2 788

Келесі жолы, ол сізді одан әрі қуанта түсу үшін көбірек табыс табуға ұмтылады.


​«КЕДЕЙ»  күйеуіңізді БАЙЫТАМ десеңіз...

Тұрмысқа шығарда көптеген қыздар бай-бақуатты, жағдайын жасап бере алатын, тұрмысы жақсы жігітке жар болғысы келеді. Әрине, мұның барлығы да түсінікті ғой. Уайым-қайғысыз, жайлы өмір сүру үшін барлық жағдайдың жеткілікті болғаны жақсы. Алайда, «мал таппас ер болмас, құрарын айт, бала таппас әйел болмас, тұрарын айт» деген сөзді тағы да бір рет айта кету керек. Өйткені, қолынан іс келіп тұрған, бастысы, жалқау емес, еңбекқор жігітті таңдасаңыз, одан миллионер жасап шығару сіздің қолыңызда, ханымдар.

Егер де ақылды әйел болсаңыз, түсіністікпен қарап, еріңізді қолдап, демеп отырсаңыз, ұтасыз.


«Еркек - бас, әйел - мойын»

Сондықтан, ер адам бас болса, әйел мойын болып, оны қай жаққа қарай бағыттап, бұра алса, өзі қалағандай байытуға болады.

Көптеген қыз-келіншектерден неліктен тұрмысқа шығу қажет екендігін сұрасаңыз, «балалы болу үшін, қартайғанда жалғыз қалып қоймау үшін» деген секілді мысалдарды айтып жатады. Әрине, мұның барлығы да дұрыс пікірлер. Дегенмен, ең дұрыс ой бұл емес. Қыз баласы тұрмысқа шыққанда, ер-азаматының жанында өзінің әйел екендігін сезіне алуы тиіс.


Ең алдымен, ОСЫ МАҚСАТ болуы керек

Ал, бала, қартайғандағы жаныңда серік болатын адам, мұның барлығы да екінші орындағы мәселелер.

Ер адам үйленгендегі мақсаты, сол таңдап алған жарының жанында өзінің нағыз ер-азамат екендігін, оған қорған бола алатындығын, мықтылығын сезіне алуы тиіс. Сонда ғана ерлі-зайыптының ортасында керемет үйлесім болады.


Сіздің ойыңызда:

«Сонда менің қиялымдағы қалтасы қалың, ақ боз атты ханзада, қазіргі тілмен айтқанда темір тұлпары, хан сарайындай зәулім үйі қайда қалады? Неліктен, мен жағдайы жақсы, мені алақанында ұстайтын, ханшайымдай күтетін ер-азаматты аңсаймын?» деген ой қалып кетуі мүмкін.

Оның барлығын жасау, яғни, азаматыңызға қолдау білдіру арқылы жасатып алу тек қана өзіңізге байланысты.

Егер күйеуіңіздің сізге деген қарым-қатынасы ұнамай жатса, сіз бірдеңені дұрыс жасамай жатырсыз. Алдымен, өз бойыңыздан өзіңіз өзгертуіңіз қажет болған мінез-құлық бар.


ӘЙЕЛ - жоқтан бар құраушы және беруші. Ал, ЕРКЕК іске асырушы, «АҢШЫ» қабілеттеріне ие.


Сондықтан, әйел адам ер-азаматқа күш-жігер беріп, ынталандырып отырса, сөз жоқ, ол міндетті түрде шыңға шығады. Әйелдің тарапынан сүю, сену, мейірім, қолдау үнемі беріліп тұруы керек.

Бай-бақуатты өмір сүргіңіз келсе, күйеуіңіздің маңдай терімен тауып келген қаражатын үнемдеп, күйеуіңіздің еңбегін бағалаңыз. Қанша табыс бола да оның маңдай термен келіп жатқанын ұғып, күйеуіңізге ризашылық білдіріп отырсаңыз, ол сізге риза болады. Келесі жолы, ол сізді одан әрі қуанта түсу үшін көбірек табыс табуға ұмтылады.


Күйеуіңізді БАЙЫТАМ десеңіз...


* Қолданбайтын, жәй ғана әдемі болғаны үшін қызығып ЕШТЕҢЕ сатып алмаңыз. Тұрмысқа қажетті, өте зәру болып тұрған затты сатып алсаңыз, сіз де қуанасыз әрі үнемі пайдалана аласыз. Тек қана сөреге қою үшін сатып алынған бұйым - артық шығын.


* Көрпеңізге қарай көсіліңіз!

«Мен ана досымнан қалып қоймайын», «Мен құрбыма қымбат сыйлық жасауым керек» деп күйеуіңізді әбігерге салып, қиын жағдайға қалдырмаңыз. Сіздің көңіліңіз үшін, құрбыңызға сол қымбат сыйлықты «сатып» алып беруі мүмкін, бірақ, қарызға батып... Оның сізге қажеті не? Құрбыңыз егер сіздің тұрмыс жағдайыңызды көре тұра, сыйлығыңызға өкпелесе, ол сізге шынайы құрбы емес. Өйткені, сізге ең алдымен, өмір бойы бірге болатын күйеуіңіз жақын. Солай емес пе?!


* Бір аптаға жетерліктей етіп, азық-түліктің тізімін жасап қойыңыз. Мұнымен сіз артық ысырапшылдыққа жол бермейсіз.


* «Біз анау айтқандай бай емеспіз. Сондықтан, арзанын алған дұрыс» деген ойдан да аулақ болыңыз. Не сатып алсаңыз да, тым арзанына жүгіріп, сапасы жағын ұмыт қалдырмаңыз. Өйткені, «арзанның сорпасы татымайды» деген де сөз бар. Сатып алған затыңыз, аз күнде қолдануға келмей қалса немесе сапасыз болса, екі есе көп шығынданасыз. Сондықтан, сапалы, ұзақ мерзімге қолдану ға жарайтынын алсаңыз, сол сәтте қымбат болып көрінуі мүмкін, бірақ, сапалы дүниені сатып алу арқылы көп ақшаңызды үнемдей аласыз.


* Жарасымдылық, үйлесімділік, тазалыққа баса мән беріңіз. Өйткені, сіздің кім екендігіңізді айқындайтын ең басты қасиеттер осылар.

Г. ЖҰМАДІЛДАЕВА,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Балаңыздың БІЛІМДІ болғаны дұрыс па, әлде БАҚЫТТЫ болғанын қалайсыз ба?


Бала САБАҚТАН ҚАШУды әдет етсе МЫНА 5 шараны қолданып көріңіз