​Некеге арналған "супержелім": Отбасын берік ететін 7 жағдай

0
6 577

Әлемді шошытып отырған ажырасу статистикасына кірмей, отбасының беріктігін сақтап қалуға болады. Ол үшін төмендегі жайттардан хабардар болыңыз.


​Некеге арналған

фото: ғаламтордан

Ғаламтор беттеріндегі статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әлемде әрбір үшінші отбасында ажырасу орын алады екен және бұл өсім жыл өскен сайын көбеймесе азаймай тұр. Ажырасудың мың түрлі себебі бар: мінез жараспайды, сенімнің жоғалуы, түсініспеушілік, тағы да басқа. Алайда әлемді шошытып отырған осы бір жоғарыдағы статистикаға кірмей, отбасының беріктігін сақтап қалуға болады. Ол үшін төмендегі жайттардан хабардар болыңыз.


Сыйластық

Некенің беріктігі, ара-қатынастың жақсы болуының негізгі бірден-бір себебі – ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық. Егер отбасын құрған екі жаннның бірі «бұл үйдің табыскері менмін» немесе «менің айтқаным болу керек» дейтін болса, онда шаңырақта үлкен мәселелер орын ала бастайтыны анық, ара қатынасқа да сызат түсіп, салқындай бастайды. Сондықтан уақытша жұмыссыз немесе аз табыс тауып жүрген жарыңызға отбасының игілігі үшін, түсіністікпен қарап, сыйластық таныта білу керек.

Кімнің көп тапқанын талқыға салып, ұрыс-керіс шығарып, отбасының берекесін қашырғанша қолда барды ұқсата білу керек.

фото: tc-tiara.ru

Қолдау

Адамның әрбір ісіне қолдау болмаса, ол құрдымға қарай тартатыны анық. Әсіресе алғашқы қолдауды жанымыздағы жаннан күтеміз. Кейде жай ғана сөзбен қолдау білдіргеннің өзі адамға күш қуат беріп, өз ісіне деген сенімін арттыра түседі. Сондықтан жолдасыңыздың мәселесін тыңдай біліңіз, кейбір істері қызықты, біртүрлі көрінсе де түсінуге тырысып, қолдап жіберіңіз. Бір-бірінен қолдау тапқан жандардың некесі берік, істері берекелі, табысты болады.


Сенім

Қызғаныш – ара қатынасты жандандыра түседі деген жалған түсінік бар. Әрине мұның да бір шындыққа жанасатын жері бар. Бірақ тұтанған нәрсе жанбай қоймасы анық. Сондықтан қызғаныштың соңы сенімсіздікке әкеліп, ашуға беріліп өз-өзіңізді ұстай алмай қалуыңыз мүмкін. Бес минуттық кешігу немесе 4-5 қоңыраудан кейін алынған телефон үшін тергеуге алудың қажеті жоқ.


Мұқияттылық

Тек қана жақын жандар ғана бір-бірінің жан дүниесін бір қарағаннан-ақ түсіне алады. Адамның ішкі дүниесін бірінші сататын ол – көз жанары. Сондықтан жарыңыздың ішіндегі уайымын, мазасыздығын жанарынан көре алу қажет. Бір қарағанда болмашы көрінген жанардағы дірілдің өзі мұқияттылық танытқан жанға көп нәрсені сезуге мүмкіндік береді.

фото: ғаламтордан

Қамқорлық

Кез-келген жағдайда жолдасыңызға қамқорлық таныта біліңіз. Әсіресе ер-азаматтар шамалы ауырып қалса да уайымдап, шыдамсызданып кетеді. Сондай кезде ыстық сорпасы мен шәйін бабына келтіріп беріп, жағдайын жасаған абзал. Мұндай жағдайдан кейін жолдасыңыздың сізге деген сезімі, сыйластығы арта түспесе кемімейтіні анық.


Жыныстық қатынас

Әрине мұның да неке беріктігін сақтауда өз орны бар. Егер жолдасыңызды жиірек өзіңізден алыс ұстап «ары» жатқызсаңыз, онда сіздің де күйеуіңіздің де жүйкесіне салмақ түседі. Ал мұның аяғы көзге шөп салуға алып келуі мүмкін. Сондықтан кейде ер азаматтың емеурінін кері қайтармаған дұрыс.


Ақша

Әрине бақытты ақшадан іздеу қателік. Дегенмен ажырасудың 32 пайызы осы қаражат мәселесінен туындайды екен. Сондықтан қолдан іс келсе, мүмкіндігінше қаржы табудың жолын қарастырған дұрыс.

Некелеріңіз берік болсын!


Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз: Балаңыз НЕ ҮШІН тыңдамайды? Кінәлі АТА-АНА ма?