"Ей, жалғыз ұлым, менің!": Ұлының үйлену тойында ән салған әке халықтың жүрегін елжіретті​

0
13 560


Ұлының үйлену тойында жылап ән салған әке желі оқырмандарының көңілін босатты. Оны тыңдаған ұлы да жасқа ерік беріп, әкесін құшақтайды. Ал қонақтардың сүйіспеншілікпен қарағаны даусыз.


Бұл видеоны әннің авторы, танымал ақын Жүрсін Ерман өзінің желідегі парақшасында бөлісті. Сонымен қатар, әннің мәтінінің толық нұсқасын жазып қойды. Ақынның "Дарханға" деген өлеңі, Еркін Нұржановтың орындауында "Жалғыз ұлыма" деген атаумен халыққа кең таралып кеткені баршаға мәлім.

Видеоны көріп "Жалғыз ұлы бардың, шығар-шықпас жаны бар" дегенді естеріне алған желі қолданушыларының бірі ұлын есіне алса, енді бірі әкелерін есіне түсірі. Одан кейін әрине, барлығы дерлік видео жазбадағы әкенің мейіріміне разы болып, жақсылық тілеп жатыр. Олардың айтуынша, қазір сөздің қадірін түсінбейтіндер көбейген шақта тебіреністі әнмен жеткізу дұрыс таңдау. Ол арқылы отбасының ынтымақтастығы мен бірлігі артатыны даусыз.

ERNUR.KZ