Тойда еркектердің үстіне мініп ойнаған әйелдер сынға қалды

0
6 576
Әйелдер ер азаматты еңбектетіп, өздері оның үстіне отырып алған.

Тойда еркектердің үстіне мініп ойнаған әйелдер сынға қалды

Әлеуметтік желіде тойда ер адам еңбектеп, үстіне әйел адамдар мінген ойынның видеосы тарады. Тойдағы ойынның түрлісін көріп жүрсек те, бұл жолы еркекті еңбектеткен ойын жұрттың ызасын тудырды. Мұны жариялаған парақша "Ойынның аты қандай екен?" дегеннен басқа пікір білдірмеген.

Бірақ мұны көрген желі қолданушылары "Әйел басқаратын заман болып жатыр, ал намысы жоқ еркектер осылай жүретін заман болып жатыр", "Сұмдық-ай не деген масқара", "Қазақты масқаралау ғой мынау, тіпті өздерінде ұят жоқ екен осыны істеп жүрген" деп ашынды.

Көпшіліктің ойынша, мұндай ойындар қазақтың намысын өлтіреді. Ал оған бірден-бір кінәлі - асабалар. Өйткені пікір білдіргендердің басым бөлігі асабаға ойынды ойнатқаны үшін ашуланды. Шынында мұндай мағынасыз ойындардың тойда ойналуына, таралуына асабалар жол беріп отыр. Тіпті осындай ойындарды ойдан құрастыратын қысқа ойлы асабалар көп екенін желі қолданушылары да жарыса жазып жатыр.

Видео әлеуметтік желіден алынды

ERNUR.KZ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет