Жас жұбайлардың алақанына су құюдың мәні қандай?

0
2 374

Ақ көйлек, ұзын фата, қолдағы ерекше гүл, смокинг киген сүйгеніңіздің күлімдеп сізге қарағаны бұның бәрі әрине, керемет романтика! Бірақ бұл бірсыдырғы дүниеге көне алмайтын да халықтар бар. Олар өмірдегі ерекше күнді де, өзгелерге ұқсамайтындай етіп өткереді. Бүгінгі «Той-думанмен» әр халықтың үйлену тойына баруға қалай қарайсыз? Дайын болсаңыз кеттік....


Жас жұбайлардың алақанына су құюдың мәні қандай?

Ақ көйлек, ұзын фата, қолдағы ерекше гүл, смокинг киген сүйгеніңіздің күлімдеп сізге қарағаны бұның бәрі әрине, керемет романтика! Бірақ бұл бірсыдырғы дүниеге көне алмайтын да халықтар бар. Олар өмірдегі ерекше күнді де, өзгелерге ұқсамайтындай етіп өткереді. Бүгінгі «Той-думанмен» әр халықтың үйлену тойына баруға қалай қарайсыз? Дайын болсаңыз кеттік...

Үндістан

Бұл елде үйлену тойының алдында "Сангит" рәсімі өтеді. Онда барлық әйелдер ән айтып, би билейді. Жас келінге қалжыңдап, қызықты естеліктерді еске алып, болашақ өміріне бақыт тілейді. Ал той күні немесе одан бір күн бұрын "Халди" рәсімі болады, бұл мерекеде жас жұбайлардың бетіне, қолы мен аяғына куркума пастасын жағады. Сонымен қатар, жастардың туыстары мен той қонақтары үстеріне күріш себеді. Бұл байлық пен молшылықта өмір сүрсін деген ырымдары.

Таиланд

Таиландта үйленген жас жұбайлар таңертең храмға барады. Монах олар үшін мантра айтып, қолдарын мақта жіппен байлайды. Онан соң жастарды тойға келген қонақтар Тай елінің дәстүрі бойынша құттықтайды. Онда жұбайлар қолдарына гүлдестелерін тағып, алақандарын жайып қайыққа отырады. Ал жақындары қолдарына су құйып тілектестіктерін жеткізеді.

Израиль

Бұл елде некелескен жастар жүзіктерін алмасқаннан кейін, күйеу жігіт стақан сындыруы керек. Ол уақытта келген қонақтардың бәрі «Бақыт үшін!» деп айқайлайды. Қазіргі уақытта қауіпсіздік үшін көбінде стақанды қағазға орап сындырады, күйеу жігіт оны езіп, жаншып тастауға міндетті. Сондай-ақ тағы бір ерекшелігі, қонақтар жас жұбайларды үстелімен бірге төбеге көтереді.

Африка елдерінде

Африканың кейбір жерлерінде үйлену тойы кезінде жас келін басына шарап толы ыдысты қойып жүруі керек, бұл келіннің күйеуі мен оның отбасына берген сәлемі іспеттес. Африка елдерінің көпшілігінде ерлі-зайыптылар тойға ақ көйлектен бөлек, жарқын түсті киім киеді.

Бұл өзге елдердің ерекшелігі болатын. Біздің де халықтың үйлену тойы барынша мән-мағыналы жоралғылармен өткізіледі. Қазақ халқының үйлену тойындағы сізге ұнайтын қандай жоралғы бар? Жауабыңызды пікірге жазып, білетініңізді бізбен бөлісіңіз!


Қарашаш Есенбай

ERNUR.KZ