Шетелдік инвесторлар Түркістанда әлеуметтік нысандар салады

0
1 571

Өңірді дамытуға бағытталған кез-келген жобаны барлық тараптан қолдауға дайын екенін айтқан облыс әкімі, аймақты үш бағытта дамытуға басымдық берілгенін де жеткізді.


Шетелдік инвесторлар Түркістанда әлеуметтік нысандар салады

Түркістан қаласында өтіп жатқан «Көне Түркістан – жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық инвестициялық жəне туристік форумда облыстың экономикалық және инвестициялық әлеуетіне қаныққан шетелдік қонақтар Түркістан өңірінде туризм, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік салаларын дамытуға атсалысуға ниетті екендіктерін білдірді. Сондай-ақ, Иран, Малайзия, Қытай елдерінен келген инвесторлар аймақта заманауи үлгідегі әлеуметтік нысандар салып, инрақұрылым мен сандық технологияны дамытуға күш салатынын да атап өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форумда Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Владимир Пискурев Түркістанның туризм саласындағы мүмкіндігін жоғары екендігін бағаласа, «DALHolding» компаниясының басшысы Демирджан Косе Түркістан облысында 200 гектар жылыжай мен цемент зауытын ашуға дайын екенін мәлімдеді. Ал, Малайзияның «Nagasteel Equipment Sdn. Bhd.» компаниясының президенті Зайнул Азизан инфрақұрылым және өнеркәсіп салаларына инвестиция құюға әзір екенін айтты. Сондай-ақ «RIXOS HOTELS» қонақ үйлер желісінің президенті Фетах Таминджи, Еуразиялық туризм ассоциациясының президенті Рысты Қарабаева, «Қазақ туризм» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Рашид Күзембаев және өзге де спикерлер баяндама жасап, келешекте Түркістанды туризм көшбасшысына айналдыру бағытындағы ойларын ортаға салды.

Форум аясында В2В форматындағы кездесулер өтті. Сонымен бірге «Туризм индустриясы — Қазақстан экономикасының жаңа драйвері», «Солтүстік-Оңтүстік экономикалық дәлізі» тақырыптарында және агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы адам капиталының рөлі жөнінде пікіралмасулар өтіп жатыр.
Ерекше тарихи-архитектуралық және археологиялық ескерткіштері, айрықша табиғаты бар өңірдің бірінші даму бағыты – туризм. Қазірдің өзінде мұнда мұнда келетін туристер саны жыл санап артып келеді. Мәселен, өткен жылы облысқа 270 мыңнан астам саяхатшы келген. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 40 пайызға артық. Инвестиция тартуға қолайлы екінші бағыт ауыл шаруашылығын саласы. Ауа райы жайлы облыстың ауыл шаруашылық саласы дауы жағынан республикада бірінші орынға шыққан. Сондай-ақ, логистикалық және транзиттік әлеуетті көтеру жұмыс кестеде тұрған үшінші мәселе.