14 шілдеде кешенді тестілеу басталады

0
2 138

Елімізде кешенді тестілеу 14-шілдеден басталып 18-шілдеге дейін жалғасады.


14 шілдеде кешенді тестілеу басталады

Фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Жоғары оқу орындарына түсуден үміттілер үшін тағы да бір асу тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Елімізде кешенді тестілеу 14-шілдеден басталып 18-шілдеге дейін жалғасады.

Түркістан облыстық білім басқармасының мәліметінше кешенді сынаққа былтыр мектеп бітіргендер, денсаулығына байланысты ҰБТ сынағына қатыса алмай қалғандар, колледж түлектері бағын сынай алады.

Кешенді тестілеу сынақтары ҰБТ сияқты арнайы орындарда емес, еліміздегі кез — келген жоғары оқу орны базасында тапсыруға болады. Сертификатқа қол жеткізу үшін 50 баллға ие болу керек. Ал жоғары оқу орындарына түсу үшін 65 балдан жоғары жинау қажет.

Кешенді тестілеуден өткендер ҰБТ тапсырғандар сияқты мемлекеттік білім грантын иелену үшін конкурсқа қатыса алады.