160 мыңнан астам түркістандық тұрғын азық-түлік-тұрмыстық төлемақы алған

0
747

Аталған көмектің жалпы құны 1,8 млрд. теңгені құраған.


160 мыңнан астам түркістандық тұрғын азық-түлік-тұрмыстық төлемақы алған

Түркістан облысында 5 әлеуметтік топқа жататаындар жәрдемақы алды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, төтенше жағдайға байланысты 2020 жылдың сәуір-мамыр айларында Түркістан облысындағы 5 әлеуметтік топқа жататын азаматтарға азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз ету үшін өтемақы ретінде 5567 теңге берілді. Нақтырақ айтсақ, облыс бойынша сәуір-мамыр айларында 160,6 мың адам 1,8 млрд. теңгеге азық-түлік-тұрмыстық жиынтығымен қамтылған. Ол топқа жататындар: атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар; медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар; медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер; мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдар; жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыздар. Қосымша 2020 жылдың 20 шілдесінен бастап айдың соңына дейін аталған санаттағы азаматтарға азық-түлік-тұрмыстық жиынтығы берілетін болады.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатына қатысқан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Марат Архаров шектеу шаралары кезіндегі мүгедектіктің тағайындалуы мен танылуы жайын сөз етті. Сонымен қатар, облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Бегман Нұрмаханов шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірісінен айырылған адамдардың тізімін және талаптарға сәйкес келуін жұмыс беруші айқындайтынын айтты. Жұмыс беруші Қағида талаптарын сақтамаған жағдайда жұмысшы еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға арыздануға болатынын жеткізді.