2 млн теңгенің тауарын шекарадан заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

0
1 028

"Қапланбек" кеден бекетінен заңсыз жолмен жүк алып өтпек болғандардың жолы кесілді.


2 млн теңгенің тауарын шекарадан заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

2 млн теңгенің заңсыз тауарларын Өзбекстаннан елімізге алып өтпек болған азамат құрықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"Қапланбек" кеден бекетінен заңсыз жүк алып өтпек болғандардың жолы кесілді. Өзбекстаннан Қазақстанға бағыт алған автокөлікті тексеріп, сканерлеу кезінде декларацияланбаған тауар болғаны анықталған.


"Қазақстан азаматы шекара арқылы «AKARA BIO препаратын» (акарицид) пестицидтерін заңсыз алып өтпек болған. Ондағы 50 қаптаманың әрқайсысында бес литрлік 4 ыдыстан бар. Заңсыз тауардың құны 1 454 545 мың теңгені құрайды," - деп мәлімдеді Түркістан облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.


Осыдан бірнеше күн бұрын ғана дәл сол "Қапланбек" кеден бекеті арқылы тағы бір Қазақстан азаматы декларацияланбаған темекі бұйымдарын алып өтпек болған. Өзбекстанға аумағына бара жатқан автокөлігінен кедендік тексеру кезінде жасырылған 600 қорап «Heets» темекісінің стиктері табылған. Белгілі болғандай, көлік иесі заңсыз тауарды Ресей Федерациясынан алып келе жатқан.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі екі факті бойынша барлық материалдар тергеу іс-шараларын жүргізу үшін құқық қорғау органдарына өткізілгенін мәлімдеді.