2018 жылы шымкенттік 1175 абонентке табиғи газ тартылады

0
1 284

ERNUR.KZ. Биылғы жылы Шымкент қаласына қарасты Жаңатұрлан, Ұлағат шағынаудандарындағы 1175 абонентке газ тартылады. Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев 2017 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында берген есебінде осы жоспар жайлы да айтып өтті.

Есепті кездесуде қала басшысы 2018 жылы атқарылатын жұмыстың негізгі бағыттарын атап өтті. Бірінші жарты жылдықта топырақ жолдардың мәселесі шешіледі және балалардың мектепке барар жолдарының қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Биыл, сонымен қатар, әуежайды қайта құру, Қошқар ата өзені бойын абаттандыру, «Шымкент Сити» қалашығын, Фосфоршылар мен Металлургшілер сарайын мемлекет меншігіне қайтару, Бозарық станциясы және газ тарату жүйесі бойынша жұмыстар атқарылады.

Өткен жылы Байтұрсынов, Сапарбаев және Рысқұлов көшелеріндегі жылу желілері толығымен ауыстырылды.

Сондай-ақ, Нұрлан Сауранбаев Бозарық елді мекеніндегі газ тарату бекетінің де мәселесі шешілетінін айтты. Қосалқы станцияның құрылысы басталған, алайда мердігер компания өз міндетін тиісті дәрежеде орындамағандықтан Жоғарғы сот шешімімен жосықсыз деп танылды. Жақын арада тағы конкурс ұйымдастырылып, мердігер анықталатын болады.

Бозарық станциясы іске қосылғаннан кейін Астана-1,2 қосалқы станцияларының құрылысы аяқталады. Нәтижесінде қаланың солтүстік бөлігі сапалы электр желісімен қамтылатын болады.

Ал газ тарату жүйесінің құрылысы (АГРС) бойынша облыстық Энергетика басқармасы тарапынан жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда.