77 oқушы Ахмет Ясауи университеті грантын иеленді

0
2 277

Өз білімдерімен оқ бойы озып шыққан 77 оқушы гарант иегері атанды. Жеңімпаздарға ҰБТ-дан 50 баллдан жоғары ұпай жинау шартымен Ахмет Ясауи университетінде шәкіртақысыз тегін білім алу құқығы берілді.


77 oқушы Ахмет Ясауи университеті грантын иеленді

Түркістандағы Ахмет Ясауи университетінде V Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасы аяқталды. Білім бәсекесіне қатысқан 77 оқушы университет грантын жеңіп алды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Салтанатты марапаттау рәсімінде университет ректоры, профессор Уәлихан Әбдібеков және оқу орынның І вице-президенті М.Куталмыш жеңімпаздарға 1,2,3 дәрежелі ХҚТУ білім гранты дипломы мен сертификатын табыстады.

Өз білімдерімен оқ бойы озып шыққан 77 оқушы гарант иегері атанды. Жеңімпаздарға ҰБТ-дан 50 баллдан жоғары ұпай жинау шартымен Ахмет Ясауи университетінде шәкіртақысыз тегін білім алу құқығы берілді.

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасының аясында өтіп отырған дәстүрлі Республикалық пән олимпиадасына еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан 11-сыныптың 6500-ге жуық оқушысы қатысқан болатын. Жасөспірімдер 11 пән бойынша білімдерін сарапқа салып, тек үздіктері жеңіске жетті. Оқушыларға тегін сапалы білім алуына мүмкіндік туғызып отырған олимпиаданың мақсаты жастардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамыту болып отыр.

Айта кетейік, үш айға жалғасқан олимпиаданың І іріктеу кезеңі – online түрде өткізіліп, жалпы 6500-ге жуық оқушы қатысқан. Ал, университет базасында өткен ІІ кезеңге 454 оқушы қатысып 77 жасөспірім жеңімпаз атанды.