«Адал жол» кітабы эстафетасы Түркістан қаласына табыстады

0
1 593

Аудан әкімі Бақытбек Төленұлы Танагөзов сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталып, «Адал жол – честный путь» марафонының эстафетасын Түркістан қаласы әкімінің кеңесшісі Қожахмет Мырзахметұлы Сармановқа салтанатты түрде табыстады.


«Адал жол» кітабы эстафетасы Түркістан қаласына табыстады

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облыстық департаментінің «Адал жол» кітабы эстафетасын облыс орталығы Түркістан қаласына тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аудандық мәдениет үйінде аталған шараға байланысты салтанатты жиын өтті. Жиында Бәйдібек ауданында ағымдағы жылдың 05 қазаннан бастап «Адал жол» марафоны аясында атқарылған түрлі іс-шаралар жөніндедайындалған видеоролик көрсетілімімен басталып, аудан өнерпаздарының сыбайлас жемқорлық туралы қойылымы көрсетілді. Салтанатты жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облыстық департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев қатысып, сөз сөйлеп, жиналған көпшілікті жыл басынан өтіп келе жатқан шараның маңыздылығына тоқталып, аудандағы бірқатар азаматтарды агенттіктің алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ шарада аудандық мәслихаттың хатшысы М.Нақыпбеков, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Дүйсенбеков сөз сөйледі.

Аудан әкімі Бақытбек Төленұлы Танагөзов сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталып, «Адал жол – честный путь» марафонының эстафетасын Түркістан қаласы әкімінің кеңесшісі Қожахмет Мырзахметұлы Сармановқа салтанатты түрде табыстады.
Сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облыстық департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев аудандық мәдениет үйінің фоесінде орнатылған қолөнер шеберлерінің көрмесімен танысты.