Адам өліміне қатысты күдікті төрт жылдан соң ұсталды

0
1 606

2014 жылдың ақпан айында Арыс қаласының екі тұрғыны, көршілер араздасып қалады. Екеудің дүрдаразы топ болып төбелесуге дейін жеткен.


Адам өліміне қатысты күдікті төрт жылдан соң ұсталды

Төрт жыл бұрынғы атыс туралы арыстықтар арыз түсірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі. Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғындары 2014 жылдың ақпан айында болған қылмыс туралы 2018 жылдың қыркүйегінде ғана Арыс аудандық ІІБ на шағым арыз жазған.

Оқиға былай өрбіген екен. 2014 жылдың ақпан айында Арыс қаласының екі тұрғыны, көршілер араздасып қалады. Екеудің дүрдаразы топ болып төбелесуге дейін жеткен. Арыс қаласының шетіне шығып, тасаға тығылған топтанған жігіттер бір біріне жұдырық ала жүгіріп, жаға жыртысады. Топтанып төбелескіштердің бірі автокөлігінен қару ап шығып, қарсыластарына қарап оқ жаудырған. Қаңғыған оқ Н.Есімді Арыс қаласының аяғына, қолына тиген. Топтанып төбелесудің соңын қанмен аяқағандар бірден ес жиып, үйді үйлеріне тарап кетіседі.

Жарақат алған жігіт полицейлерге бұл оқиға туралы арызданбапты. Бірақ қолында атыс қаруынан алған жарақатын растайтын медициналық анықтамалары бар көрінеді. Тəртіп сақшылары күдіктіні анықтап үлгірген. Көршісін жарақаттап, төрт жылдан бері алшаң басып жүрген 1985 жылы туған арыстық азамат боп шығыпты.

Бұрын бір емес, бірнеше рет сотты болып та үлгіріпті. Төрт жылдан кейін арызданған арыстық тұрғынның шағымы негізінде Арыс аудандық соты күдіктіні екі ай мерзімге қамауға алу туралы санкция беруге қаулы шығарды. Оған ҚР ҚК нің 24 жəне 99 баптары, яғни қасақана кісі өлтіруге ұмтылу бабы бойынша айып тағылып отыр.