​Агенттік төрағасының орынбасары Түркістан облысының активімен кездесті

0
1 619

Айгүл Амантайқызы агенттікпен бастау алған кіші бағдарламалар мен қолға алынған жобаларды тиімді жүргізуге атсалысуға шақырды.


​Агенттік төрағасының орынбасары Түркістан облысының активімен кездесті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова облыс активімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Басқосуға департаменттер мен басқарма басшылары, қала, аудан әкімдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Бүгін «Түркістан - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды деген облыс әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев жиынды ашып, жүргізіп отырды. Ал, агенттік төрағасының орынбасары Айгүл Амантайқызы агенттікпен бастау алған кіші бағдарламалар мен қолға алынған жобаларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды тиімді жүргізу үшін, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Айгүл Амантайқызы агенттікпен бастау алған кіші бағдарламалар мен қолға алынған жобаларды тиімді жүргізуге атсалысуға шақырды.

Жиын соңында А.Шайымова мен облыс әкімінің орынбасары М.Отарбаев екі тараптан «Түркістан-Адалдық алаңы» жобасы аясында бірлесіп жұмыс жасау туралы құжатқа қол қойды.