«Ағылшын тілінің үздік мұғалімі» атты аудандық байқау өтті

0
4 051

Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ағылшын тілінің үздік мұғалімі» атты аудандық байқауы өткізілді.


«Ағылшын тілінің үздік мұғалімі» атты аудандық байқау өтті

фото: yandex.kz

Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ағылшын тілінің үздік мұғалімі» атты аудандық байқауы өтті – деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Байқау Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, ағылшын тілін оқытып жүрген педагогтардың ішінен талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарды анықтау, қолдау, марапаттау, олардың кәсіби әлеуетіндамыту, ынталандыру және озық тәжірибелерін арттыру мақсатын басшылыққа ала отырып ұйымдастырылған.

Қатысушылар алдымен өзін электронды портфолио арқылы таныстырды, келесі кезеңде озық педагогикалық шеберліктерін көрсету мақсатында аудиторияда сабақ үлгісін қорғады. Сонымен қатар, «English-speaking» кезеңінде берілген тақырыптың мазмұнын ашты, ал төртінші кезеңде ағылшын тілі пәнінде қолданылатын көрнекіліктер көрмесін қазылар назарына ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені С.Әліұлы атындағы жалпы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Есмұрзаев Ерлан иеленсе, І орынды«Созақ» жалпы орта мектеп-гимназиясының ұстазы Альбина Сабденова иеленді. ІІ орынға А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектептің ұстазы Оразбаева Жаңыл мен Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектеп мұғалімі Балжан Бейсеева лайық деп танылды. ІІІ орын Қ.Рүстемов атындағы жалпы орта мектеп ұстазы Марксова Венера мен А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектеп мұғалімі Тастанова Сандуғашқа бұйырды.

Озық шыққан өзге қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды.