​Арыс қаласында «Ерлік» сабағы өтті

0
1 656

Іс-шаралардың басты мақсаты: еліміздің өткеніне,бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт-дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу.


​Арыс қаласында «Ерлік» сабағы өтті

Түркістан облысы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жоспарына сәйкес №8 В.Комаров атындағы жалпы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай бір қатар іс шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Атап айтсақ мектептің АӘД пәнінің мұғалімі Усмановтың ұйымдастыруымен 10 «в» сыныбында "Ерлік" сабағы өтілді.Сонымен қатар, бастауыш сыныптарда "Менің елімнің Тәуелсіздік күні" тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өтті.

Іс-шаралардың басты мақсаты: еліміздің өткеніне,бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт-дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлемдік деңгейге жеткізу - біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, еліне, Отанына, тұрған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Жиын барысында мектеп директоры Х.Х.Ранджибари, білім беру ісінің үздігі Р.А.Байков сынды ұстаздар жиналған оқушыларды мерекемен құттықтап, іс-шараларға белсенді қатысқан оқушыларды марапаттап өтті.