Арыс қаласының әкімі Алғыс хатпен марапатталды

0
2 440

Жиында қала әкімі М.Қадырбек қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, елдің өркендеуіне үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады.


Арыс қаласының әкімі Алғыс хатпен марапатталды

фото: facebook.com

Түркістан облысы, Арыс қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Салтанатты шараға қала әкімі М.Қадырбек, әкім орынбасарлары, мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, партия өкілдері, зиялы қауым, этномәдени орталықтардың және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында қала әкімі М.Қадырбек қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, елдің өркендеуіне үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады.
Өз кезегінде сөз алған Арыс аудандық сотының төрағасы Ақылбек Қайыпұлы Ертаев азаматтарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, Қазақстан Республикасы Сот саласындағы қарқынды өзгерістер кезеңінде Арыс аудандық сотына қолдау көрсетіп, татуластыру институтының жандануына өз үлесін қосқаны үшін Арыс қаласының әкімі Мұрат Болатұлы Қадырбекке Түркістан облыстық сотының төрағасы Баратбеков Талғат Қожанұлының жолдаған алғыс хатын табыс етті.
Мереке одан әрі қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты.