Арыс қаласының "Жомарт жүрегі" марапатқа ие болды

0
1 484

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы халықты рухани жаңғыруға жетелеп, рухын көтеріп, еліне деген патриоттық сезімін арттырған құнды құжатта аталып өткен маңызды бастамалар бүгінде нәтижелі жүзеге асырылып келеді.


Арыс қаласының

фото: facebook.com

Түркістан облысы, Арыс қаласының жеке кәсіпкері, қалалық мәслихаттың депутаты Мырзаев Мұхтархан Арынұлы облыс әкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының қолынан «Туған өлке» номинациясымен және дипломмен марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы халықты рухани жаңғыруға жетелеп, рухын көтеріп, еліне деген патриоттық сезімін арттырған құнды құжатта аталып өткен маңызды бастамалар бүгінде нәтижелі жүзеге асырылып келеді.
Әр өңірдің әлеуметтік, қоғамдық мәселелерін шешуде мақалының «Атамекен» кіші бағдарламасының «Жомарт жүрек» бағыты бойынша игі істер атқарылып келеді.
Аталған бағытта туған жерінде ірі әлеуметтік жобаны жүзеге асырып, аз қамтылған, көп балалы жанұяларға, ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға, мүгедектерге, соғыс ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайырымдылық жасап жүргенМұхтархан Мырзаевхалықтың игілігіне бөленіп келеді. Жомарт жанның бастамасымен Қожатоғай ауылдық округінде құны 50,0 млн. теңге тұратын 25 орындық «Көксарай» шипажай ашылып, ел игілігіне жұмыс атқаруда.
Азаматтық ұстанымы белсенді, түрлі бағытта кең ауқымды қайырымдылық жасап жүрген Мұхтархан Арынұлы Арыс қаласының көркеюіне алдағы уақытта да атсалысары сөзсіз.