АРЫС-ШЫМКЕНТ бағытындағы көлік қозғалысы уақытша тоқтады

0
1 574

Аталған бағыттағы көпірді су басты.


АРЫС-ШЫМКЕНТ бағытындағы көлік қозғалысы уақытша тоқтады

Арыс-Шымкент бағытындағы уақытша көпірді су басып, көлік қозғалысы тоқтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Құрметті Арыс қаласының тұрғындары!
Арыс қаласымен көршілес Ордабасы ауданы Қараспан (Обручевка) ауылындағы Бадам өзенінің үстінен салынған уақытша көпірді су басты.
Арыс-Шымкент бағытындағы жолдың үстіндегі көпірді су басуынан барлық көлік қозғалысы шектелді. Аталған себептерге байланысты Арыс-Шымкент бағытындағы көліктердің өту мүмкіндігі жоқ екендігін назарларыңызға жеткіземіз.

Шымкент қаласына шұғыл түрде баратын арнайы рұқсаты бар көлік жүргізушілерінің назарына, Монтайтас-Бадам-Шымкент бағытымен жүру ұсынылады", -
делінген хабарламада.

Айта кету керек, кешеден бері өңірде жауын-шашын болып, көптеген өзендер арнасынан асты. Сондай-ақ Түркістан облысының бірнеше елдімекенін су басты.