Арыста эвакуация кезінде адасқан балалар ата-аналарымен қауышты

0
984

Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменті ресми түрде мәлімдеді.


Арыста эвакуация кезінде адасқан балалар ата-аналарымен қауышты

Арыс қаласындағы жарылыстан эвакуация кезінде жоғалған бала саны туралы ақпарат қалалық және аудандық полиция бөлімдеріне келіп түспеген, деп хабарлады ERNUR.KZ.

Кешеден бері Арыстағы жойқын жарылыс кезінде жоғалған балалардың суреттері мен бейнелері әлеуметтік желілерде таралып кеткені белгілі. Бұл жайттар бойынша Түркістан облысы Полиция департаменті ресми түрде мәлімдейді, эвакуация кезінде ешқандай жоғалған бала саны туралы ақпарат қалалық және аудандық полиция бөлімдеріне келіп түспеген.

«Жоғалды»- деп желіде таралып жатқан бейнелер, эвакуация кезінде қауіпсіз аймаққа жеткізілуі үшін көліктерге мінгізілген балалар. Олар кешкі уақытқа дейін ата-аналарымен қайта қауышты. Сондықтан жалған мәлімет таратудан сақ болыңыздар!