Арыста сыра сатушылар заң алдында жауапкершілікке тартылды

0
1 188

Олар сыраханада ашықтан-ашық келушілерді қабылдап, адам шоғырын көбейткен.


Арыста сыра сатушылар заң алдында жауапкершілікке тартылды

Арыс қаласында төтенше жағдай режимін бұзып, сыра сатқандар заң алдында жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда елімізде төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Көпшілік орындарға шектеу енгізілді. Бұл өз кезегінде дүниені дүрбелеңге салған қауіпті індеттің таралуына жол бермейді. Алайда соған қарамастан Арыс қаласындағы орталық көшелерде орналасқан сыраханаларда сыра сатып, жұрттың көп шоғырлануына жол беретіндер тыйылмай тұр.

Тәртіп сақшылары сыраханада ашықтан-ашық келушілерді қабылдап, адам шоғырын көбейткен үш тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Олар Арыс аудандық сотының шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, үш тәулікке қамауға алынды.

"Сыра сатушы құқық бұзушы үш азамат төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабында көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 (үш) тәулікке әкімшілік қамаққа алынды,"- деп мәлімдеді Арыс аудандық сотыныңбаспасөз қызметі.

Айта кету керек, әкімшілік құқық бұзушылық туралы сот қаулысы күшіне енген.