Арыста төбелескен жасөспірімдердің бірі құрдасын пышақтады

0
839

Төбелес түнгі уақытта болған.


Арыста төбелескен жасөспірімдердің бірі құрдасын пышақтады

Арыс қаласында жасөспірімдер арасындағы төбелестің соңы пышақтауға ұласып, біреуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қанды оқиға осы жылдың 15 қаңтарында орын алған. Арыс АПБ-нің кезекші бөліміне кәмелет жасына толмаған жасөспірім жарақат алып, ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының анықтауы бойынша 15.01.2020 жылы түнгі уақытта Арыс қаласының көшелерінің бірінде жасөспірімдер арасында жанжал туындап, төбелеске ұласқан. Нәтижесінде олардың бірі өз құрдасын пышақпен жарақаттаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Қазіргі уақытта аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 24-99-бабы "Адам өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.

Айта кетейік, аталған оқиға бойынша Арыс ауданында әкімдіктің, полицияның, білім беру өкілдерінің, мектеп директорларының және басқа да мүдделі ұйымдардың қатысуымен осы жайтқа байланысты шұғыл кеңес өтіп, кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлескен жедел іс-шараларды жиі ұйымдастыру, сондай-ақ жасөспірімдердің түнгі уақытта үйден тыс жерде жүруіне жол бермеу және ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеудегі маңызды рөлі туралы талқылады.