Арыстағы жарылыстан жансақтау бөліміне түскендер бар

0
1 667

"Біреуінің жағдайы ауыр" деп отыр дәрігерлер.


Арыстағы жарылыстан жансақтау бөліміне түскендер бар

Түркістан облыстық клиникалық ауруханаға Арыс қаласындағы жарылыс салдарынан түрлі дене жарақатымен бес адам стационарлық ем алуға жатқызылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"Біреуінің жағдайы ауыр" деп отыр дәрігерлер.

"Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан 34 адам апат аумағынан жедел жәрдеммен тасымалданған. Олар ауруханаға жатқан жоқ. Қауіпсіз аумақтарға жеткізілді," - деп хабарлайды Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ал Шымкент қаласындағы №1 қалалық ауруханаға дәл қазіргі уақытқа дейін түрлі дене жарақатымен 17 адам жатқызылды. Арасында аналар мен балалар да бар.

"Жансақтау бөліміне жатқызылып жатқандар да бар. Жедел медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Әзірге он жеті адамға көмек берілді," - деп хабарлайды аурухананың баспасөз хатшысы Айжан Омарова.