Арысты дезинфекциялау жұмысы басталды

0
1 152

Әзірге жалпы саны 30-ға жуық маман келді.


Арысты дезинфекциялау жұмысы басталды

Бүгін Арыстағы төтенше жағдайға байланысты қала аумағында дезинфекция жұмыстарын жүргізу мақсатында Жамбыл және Қызылорда облыстарынан арнайы мамандар тобы келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл топтар өздеріне бөлінген аумақтарды тазартқанша бірнеше күн жұмыс істейді.

Жамбыл облысынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаментінен және өзге де залалсыздандыру орталықтарынан жалпы саны 30-ға жуық маман келді. Ал Қызылорда облысынан ұлттық сараптама орталығының осы өңірдегі филиалынан 17 маман келсе, өзге де осы салаға жауапты мамандар залалсыздандыру жұмыстарын бастап кетті.

Бұл бригадалардың бәрі техникамен, қажетті құрал-жабдықпен, қамтылған.