АРЫСТЫ қайта қалпына келтіру бойынша атқарылатын нақты 10 іс

0
1 285

Қазіргі таңда алдын ала бағалаулар бойынша, 104 көпқабатты тұрғын үй, 7 200-ге жуық жеке меншік үй, 14 мектеп, 2 аурухана, 28 балабақша, аумақтық мемлекеттік органдар ғимараттары зардап шеккен.


АРЫСТЫ қайта қалпына келтіру бойынша атқарылатын нақты 10 іс

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Арыс қаласын аралап көру қорытындысы бойынша төтенше жағдайлар салдарын жою жөніндегі Үкіметті комиссия отырысын өткізіп, атқарылатын нақты 10 шараны атады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның құрамына министрліктер мен облыстық әкімдіктердің басшылары кірді.

Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің басшысы А. Мамин қаланың тіршілігін қалыпқа келтіру және оның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін 10 кешенді шараны атап айтты.


1. Бір ай ішінде қаладағы барлық тұрғын үйлерді жөндеп бітіру;


2. Қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ретінде қаланың әрбір тұрғынына (44 тыс. 781 человек) бір мезеттік 100 мың теңге көлемінде өтемақы төлеу;


3. Арыс қаласынан 4 мың бала сауықтыру лагерлеріне жіберіледі;


4. Әлеуметтік нысандарды жөндеуді ұлттық компаниялардың көмегімен іске асыру көзделген, сондай-ақ құрылыс жұмыстарына ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен бизенс қауымдастық тартылатын болады. 66 әлеуметтік нысанды «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» жөндейді.


5. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 300-ден астам ШОБ кәсіпорнына «Атамекен» ҰКП арқылы ірі бизнес қаражаты есебінен қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарында көмек көрсетіледі;


6. Қала кәсіпкерлеріне а.ж. 1 шілдесінен бастап 5 млн теңгеге дейін жеңілдікпен несиелер беріледі. Биылғы жылдың соңына дейін салықтық каникулдар ұсынылады;


7. Инженерлік инфрақұрылым, электрмен жабдықтау және байланыс ҚР Үкіметінің қорынан қаражат есебінен қалпына келтіріледі;


8. Газ және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту және қайта жөндеу жоспарланған;


9. Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қала тұрғындарына арналған аурухана мен екі емхана салынады;


10. 2 апта бойы қару-жарақтар әкетіле бастайды. Арсенал қайта орналастырылады.


Қазіргі таңда алдын ала бағалаулар бойынша, 104 көпқабатты тұрғын үй, 7 200-ге жуық жеке меншік үй, 14 мектеп, 2 аурухана, 28 балабақша, аумақтық мемлекеттік органдар ғимараттары зардап шеккен.