​Арыстықтарға бөлінетін 100 мың теңге осы айда беріле бастайды

0
1 333

Әрбір тұрғын анықталып, тиісті қаражатты алады.


​Арыстықтарға бөлінетін 100 мың теңге осы айда беріле бастайды

Бүгін ҚР ІІМ, ҚР ТЖД, ҚР Қорғаныс министрлігі және Түркістан облысы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен Арыс қаласының қазіргі таңда атқарылған жұмыстарға байланысты брифинг өтті, деп ERNUR.KZ тілшісі.

Брифинг барысында мәлім болғандай, бүгінде Арыс қаласында 44781 мың адам тіркелген. Комиссияның шешімімен әр тұрғынға 100 мың теңге берілсе жалпы құны 4 млрд 478 млн. теңге қаржы бөлінетін болады.

"Арыс қаласында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин бастаған делегация келіп кетті. Арнайы мәжіліс өткізді. Осы жиында Арыс қаласының 44781 тұрғынына 100 мың теңгеден беру жөнінде шешім қабылданды. Кішкентай сәбиден бастап зейнеткерлерге дейін аталған ақша беріледі. Бұл мақсатты орындау үшін 4 миллиард 478 млн. 100 мың теңге қажет. Оның 1 миллиарды облыстық бюджеттен бөлінеді. Ол арнайы сессияда қаралады. 2 миллиарды республикалық бюджеттен, қалған қаражат «Түркістан» корпаративтік қорына түскен ақшадан жұмсалады. Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының тапсырмасымен қорға түскен бір тиынға да тиіскен жоқпыз. Ол Арыс тұрғындарына жұмсалады. Қаладағы арнайы мәліметтер базасы арқылы 44781 адамды анықтап, қаражатын аударамыз. Бұл жұмыстарды 2 аптада аяқтап үлгереміз деп ойлаймын. Ешқандай құжат жинаудың, әкімдікке келіп шу шығарудың, әбігерге түсудің қажеті жоқ. Әрбір тұрғын анықталып, тиісті қаражатты алады. Ал балаларының ақшасы келісім бойынша әкесінің немесе анасының есеп-шотына аударылатын болады», – деді облыс әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар, Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Тұрар Құдайбергенов зейнетақы, атаулы әлеуметтік көмек және өзге де тиісті төлемдер тәртіпке сай уақытылы беріліп жатқанын мәлімдеді.
«Қаржыдан мәселе жоқ. Зейнеткерлеріміз, атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрғындарымыз әдеттегідей, «Қазпочта» және «Халықбанк» арқылы ақшаларын алса болады. Сондай-ақ екі мыңдай зейнеткерімізді ардагерлер үйлеріне және мүмкіндігі шектеулі 140-тай тұрғынды оңалту орталығына жіберуді жоспарлап отырмыз», – деді ол.
Қаржы бөлу жұмыстарына облыс әкімшілігі арнайы комиссия құрып, тұрғындардың құжаттарын пысықтау жұмыстарына екі апта ішінде жүргізілетін болады.