Арыстың бүгінгі көрінісі: қираған шатыр, шашылған базар... (ФОТО)

0
7 371


Арыстың бүгінгі көрінісі: қираған шатыр, шашылған базар... (ФОТО)

Түркістан облысы, Арыс қаласында орын алғанкешегі жарылыстан кейінгі бүгінгі қала көрінісінен ERNUR.KZ тілшісінің фоторепортажы


Қазіргі таңда Арыс қаласына кірер тұста арнайы әскери бекет жасақталған. Бүгінде ішінен қала тұрғындары толықтай шығарылған. Дегенмен арасында тұрғындарды кездестіруге болады. Олар малы мен мүлкі үшін уайымдап қайта оралған тәрізді. Дегенмен, қала аумағында жүргізіліп жатқан рейд барысында бірлі-жарым тұрғындар қала сыртына шығарылуда.

Жарылыс кезінде тұрғын үйлердің терезелері, шатырлары зақымданған.

Кейбір үйлерге жарылғыш заттардың жарықшақтары түскен.

Снарядтардың қала ішінде жатқанын да байқауға болады. Қазір онда саперлар жұмыс істеуде.

Базардағы сатушылар тауарларын тастай қашқаны көрініп тұр, азық-түліктер шашылып жатыр...