​Астанаға 20 жыл: Түркістан облысында бірқатар нысандар ашылды

0
1 334

Ақсу ауылында орналасқан «Gas Standart System» ЖШС-нің» сұйық газ сақтайтын және сататын кешені іске қосылды.


​Астанаға 20 жыл: Түркістан облысында бірқатар нысандар ашылды

фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Астананың 20 жылдығы қарсаңында Түркістан облысы Сайрам ауданында бірнеше нысандар ашылып, пайдалануға берілді деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның бірі Ақускент ауылындағы мемлекеттік жекеменшік аясында қайта құрылған 200 орындық балабақша. Сонымен қатар Ақсукент-2 ауылындағы №3 Сайрам аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қайта құрылымдаудан өткен спорт залы, жабық футбол алаңы мен әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді. Барлық талаптарға жауап беретін бұл спорттық кешеннің құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталып, осы жылы тапсырылған. Жобаның құны 209 млн теңгеден асады.

Ақсу ауылында орналасқан «Gas Standart System» ЖШС-нің» сұйық газ сақтайтын және сататын кешені іске қосылды. Мұнда сұйық газдың сыйымдылығы 650 текше метр болатын 13 резервуар жерге көмілген. Бұл өз кезегінде экологияға зиян келтірмейді және бағасы жағынан бензинмен салыстырғанда 2,5 есе арзан. Мұны ұтымды пайдалана білген кәсіпкер жылдық қуаттылығы 15 мың тонна болатын кешенді қазіргі заман талабына сай етіп, 30 адамды жұмыспен қамти отырып ашып отыр.