Астанаға 20 жыл: Түркістанда ҰБТ-дан жоғары балл жинаған 20 түлекке алғыс хат табысталды

0
1 840

Есім хан алаңында мерейлі мерекеге арналған гала-концерт шымылдығы түріліп, түркістандықтар бас қаланың айтулы күнін атап өтті.


Астанаға 20 жыл: Түркістанда ҰБТ-дан жоғары балл жинаған 20 түлекке алғыс хат табысталды

ERNUR.KZ. Елордамыз Астана қаласының 20жылдығын Түркістан облысының жұртшылығы жоғары деңгейдеатап өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Есім хан алаңында мерейлі мерекеге арналған гала-концерт шымылдығы түріліп, түркістандықтар бас қаланың айтулы күнін атап өтті. Думанды кешке зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.


«Тәуелсіздігіміздің бойтұмары – Астана күннен күнге жарқырап-жайнап, еліміздің абыройын, мемлекетіміздің келбетін асқақтатып келеді. Астана еліміздің барлық өңірлерінің экономикасының дамуына ықпал еткен қозғаушы күшке айналды. Астана – бейбітшілік, ынтымақтастық және келісім ордасы. Баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтай отырып, барлықтарыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақытты ғұмыр тілеймін», - деді Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев.

Салтанатты шарада аймақ басшысы мәдениет майталмандары мен кәсіпкерлерді, өнер және спорт сынды әртүрлі салада жемісті еңбек етіп, өз ісінің үздігі атанып жүрген бірнеше қоғам белсенділерін «Астанаға – 20 жыл» мерекелік медалымен марапаттады. Сонымен бірге биыл ҰБТ қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған Түркістан облысының 20 оқу озатына алғыс хат ұсынып, сый-сияпат жасады.

Дүбірлі кештегі гала-концерттің ажарына облысымыз бенелімізге белгілі эстрада жұлдыздары және өнер ұжымдарының өнері сән кіргізді. Түркістан көгінде шырқалған Астана, туған жер тақырыбындағы әуезді әндер көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Түркістан көгін көздің жауын алатын мерекелік отшашуға ұластырған шара көптің көңілін қуанышқа бөледі.