​Атамекендік мақташылар әр гектардан 30 центнерден өнім алуда

0
1 711

Биыл 22 гектарға мақта еккен қожалық әр гектардан 3 тоннаға жуық «ақ алтын» жинауда. Қазірдің өзінде қожалықтағы 27 адам 14 гектар мақта егістігін қолмен теріп үлгерген.


​Атамекендік мақташылар әр гектардан 30 центнерден өнім алуда

Жетісай ауданының шаруалары соңғы жылдары егістік жерлерді әртараптандыру мен ауыспалы егістің тиімділігін көріп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, биыл Атамекен ауыл округіне қарасты Талапты елдімекеніндегі «Нұрсұлтан» шаруа қожалығы ауыспалы егістікті тиімді пайдаланудың арқасында мақтаның әр гектарынан 30 центнерге дейін өнім алуға болатынын дәлелдеді. Биыл 22 гектарға мақта еккен қожалық әр гектардан 3 тоннаға жуық «ақ алтын» жинауда. Қазірдің өзінде қожалықтағы 27 адам 14 гектар мақта егістігін қолмен теріп үлгерген.

«Биыл мақта егілген жерлерге былтыр күріш еккен болатынмын. Бұл әдісті бірнеше жылдан бері қолданып келемін. Күріш дақылы жердің құнарлылығын арттырады. Оның үстіне арам шөптердің азаюына ықпал етеді» , - дейді «Ақжол-1» өндірістік копперативінің басшысы Жетібай Сүлейінбеков.
Аталған шаруа қожалығы мақтаны тек қолмен тереді екен. Қол терімнің тиімділігі мол. Өйткені, мақта талшығы түгел әрі таза қалпында теріледі. Бұл өз кезегінде мақта қабылдау бекетеріндегі талаптарға да сай келеді. Яғни, таза өнімнің шығындық жеңілдігі де төмен болады.
Айта кетейік, «ақ алтын» жинауда аудан бойынша Атамекен ауыл округі көш бастап келеді. Қазір мұндағы шаруалар 7666 тонна мақта жинап үлгерген.