Аттракциондардың қауіпсіздк талаптарына қатысты ұлттық стандарт енгізілді

0
1 517

Халықтың демалуына тағайындалатын аттракциондардың стандарттары жайында жиын өтті.


Аттракциондардың қауіпсіздк талаптарына қатысты ұлттық стандарт енгізілді

Өңірлік штаб отырысында «Ойын-сауықтыру аттракционадырын қауіпсіз пайдаланумен қамтамасыз ету, стандарттаудың халықаралық моделіне көшу жәнеҚазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» заңы» талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда, ҚР Аттракциондар қауіпсіздігі. Аттракциондарды іске қосу және пайдалану барысында қойылатын қауіпсіздік талаптары» ұлттық стандарты бекітілген және 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі. Жоғарыда аталған стандарт «Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» және «Балалар алаңқайына арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттердің талаптарын орындау мақсатында Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен әзірленген.Сонымен қатар аттракциондарға талаптарды ретке келтіру, жұмыстарын реттеу тағайындалады. Жабдықтарды қауіпсіз пайдалану үшін монтаждау ұйымына, пайдаланушы ұйымның иесіне, апаттық қызмет көрсету ұйымына және диспечерлік бақылауға, қабылдап алу және куәландыруға талаптарды орнатады.

Стандарттың талаптары халықтың демалуына тағайындалатын аттракциондардың келесідей түріне таратылады:

- механикаландырылған үдемелі қозғалыс аттракциондары (оның ішінде, суды пайдалана отырып);

- механикаландырылған айналмалы қозғалыс аттракциондары;

- күрделі қозғалыстағы механикаландырылған аттракциондар;

- автодромдар мен картингтер;

- механикаландырылмаған аттракциондар;

- балаларға арналған аттракциондар;

- үрлемелі аттракциондар (үрлемелі жабдықтар: үрлемелі батуттар, төбешіктер, лабиринттер).

Өңірлік штаб отырысының қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарда аттракциондарды есепке алатын жауапты органды анықтау. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың нормативті-құжаттық актілеріне жоғарыда аталған стандартты қосу туралы мүмкіндікті қарастыру шешімі қабылданды.