​«Аяғымды жала!» - Елді шошытқан видеоның кейіпкерлері анықталды

0
2 809

Үш оқушыны көшеден алып кетіп соққыға жыққан.


​«Аяғымды жала!» - Елді шошытқан видеоның кейіпкерлері анықталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бұл жөнінде видеожазбаны жариялаған фейсбук қолданушысы Мадина Сарбалаева өз парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Түркістан қалалық Ішкі істер басқармасының мәліметіне қарағанда, Ж.Еділбаев мектебінің 9 сыныбының 4 оқушысы, Абай атындағы №31 мектебінің 9 сыныбының 3 оқушысы, Ж.Жабаев мектебінің 9 сыныбының 1 оқушысы 2019 жылғы 18 қаңтар күні сағат 17.00 шамасында Т.Бигелдинов мектебінің 9 сыныпта оқитын 3 оқушысын көшеден алып кетіп "Бекзат" мөлтек ауданына апарып жәбірлеп соққыға жыққан.
Аталған оқиға бойынша 2019 жылғы 22 қаңтардан бастап Түркістан қалалық Ішкі істер басқармасы тергеу жұмыстарын бастады», - делінген парақшадағы жазбада.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде жасөспірімдер арасындағы әлімжеттіктің айқын көрініс тапқан бейнежазба жарияланып, ол көпшіліктің арасында қызу талқыға түскен болатын.