​«Қаз мақта» зауыты ОҚО-дағы шаруаларға 113 миллион теңге қарыз

0
1 606

«Қаз мақта» зауыты өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданындағы 307 шаруаның «ақ алтынын» қабылдап, ақшасын төлемей қойған болатын. Күзден бері толық есеп айырыспаған кәсіпорынның берешек қарызы 323 млн 400 мың теңгеге жеткен.


​«Қаз мақта» зауыты ОҚО-дағы шаруаларға 113 миллион теңге қарыз

«Қаз мақта» зауыты өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданындағы 307 шаруаның «ақ алтынын» қабылдап, ақшасын төлемей қойған болатын. Күзден бері толық есеп айырыспаған кәсіпорынның берешек қарызы 323 млн 400 мың теңгеге жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шаруалар осы мәселеге орай аудан, облыс әкімдігінен көмек сұрады. «2017 жылдың 15 желтоқсанында шаруа қожалықтарының басшылары Мақтарал ауданы әкімдігінен көмек сұраған болатын. Осыдан кейін әкімдік тарапынан «Қазмақта» АҚ-на осы мәселені шешу туралы хат жолданды. Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында әкімдікке жауап келді. Онда «Қаз мақта» АҚ-ы қарызды 1-ші ақпанға дейін төйлетіні көрсетілген. Алайда бұл мерзімде берешек қайтарылмағаны белгілі болды. Оны кәсіпорын жетекшісі А. Ахметов акционерлер отырысында қарау керек деп түсіндірді. Ал, 2-ші ақпан күні шаруалар аудандық ішкі істер басқармасына арыздануына байланысты «Қазмақта» АҚ-на қатысты Қылмыстық кодекстің 190 бабы, 4 бөлігі 2 тармағымен іс қозғалып, тергеу амалдары әлі жалғасуда»,- деді аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінің өкілі. Қазіргі таңда зауыт 263 шаруа қожалығына 210 млн теңге төлегені белгілі болып отыр. Қалған 113,7 млн теңге қарызды кәсіпорын басшылары 20-шы сәуірге дейін беріп құтыламыз деп сендіруде. Әкімдіктің баспасөз қызметінің өкілдері сондай-ақ осы жағдайдан кейін есепшіден басқа зауыттың басшылық құрамы жұмыстан босатылғанын айтады.