«Қазақ елі» кинотуындысының жалғасы Түлкібаста түсірілуде

0
2 424

Қазіргі түсіріліп жатқан бөлімі «Алтын тақ» деп аталады. Жалпы түсірілім ОҚО өңірінің Түлкібас, Төле би аудандарында, Арыс, Ақсу өзендерінің бойында және Түркістан қаласында өтеді екен.


«Қазақ елі» кинотуындысының жалғасы Түлкібаста түсірілуде

«Қазақ елі» кинотуындысының алғашқы бөлімі «Алмас қылыш» деген атумен экран бетіне шыққан болатын. Қазіргі түсіріліп жатқан бөлімі «Алтын тақ» деп аталады. Жалпы түсірілім ОҚО өңірінің Түлкібас, Төле би аудандарында, Арыс, Ақсу өзендерінің бойында және Түркістан қаласында өтеді екен. Фильмді Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік ел» бағдарламасына сәйкес «Қазақфильм» АҚ таспалауда. Аталмыш туындының ОҚО-ғы түсірілімі ағымдағы жылдың 25 сәуірінен 4 шілдесіне дейін жалғасады. Бұл фильмді түсіру барысындағы «Керей ханның ауылы», «Хан ордасы» сияқты декорациялар жасалынады екен.

Бұл топтамада Қазтуған жыраудың ролі қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханға бұйырыпты. Қарақыпшақ Қобыландыны Арман Асенов, Жәнібек сұлтанды Еркебұлан Дайыров, Керейдің ролін Қайрат Кемалов, Бұрындықтың ролін Аян Өтепбергенов, Қасымның ролін Мирхат Амангельдин, Шайбан шахтың ролін Досхан Жолжақсынов, оның немересі Шахмұхаммедтің ролін Нияз Шайсұлтанов, Хайдардың ролін Мұқағали Мырзамбетов ойнайды екен. Бұлардың театр актерлері бірнешеуі кино әлеміне енді қадам басып келе жатқан жастар болса, енді біразы экранда өзіндік ізі бар, біраз рольдерді сомдаған кәнігі актерлар. Фильм иірсу ауылының маңында түсіріліп жатыр.

Осы ретте біз «Алтын тақ» фильмінің режиссері, Рүстем Жарасқанұлы Әбдірашовтың пікірін білген болтынбыз:

- Жалпы «қазақ хандығы» телоетуындысының екінші маусымы 2017 жылдың күзінде басталған еді. Күз мезгілінен бастап, қысқа дейін Алматыдағы «Қазақфильм» киностудиясында декорациялар салынып, түсірілім жасалды. Алматымаңындағы Қапшағайда ескі ғимараттың декорациясы салынған болатын. Шамамен 5 серияның материалы жиналды екінші маусым бойынша.Осы жылы қалған 5 серияның түсірілімін бастадық. 2018 жылы Алматыдағы Талғардың үстіңгі жағындағы Алмалық елді мекенінде бастадық осы түсірілімді. Сценарий бойынша Досмұхаммед пен Есебұғаның сарайындағы алма бағын сонда түсірдік. 3-4 күн болды, енді осы жерде қалғанын түсіріп жатырмыз. Жалпы 155 адам келгенбіз, қалғандары массовкадвғы актерлар жергілікті жердің тұрғындары. Осы елді мкеннің ескі атауын Тақия төбе деп естідік. Таудың басында ескі қалашық болғанкөрінеді. Әдетте кино түсірген кезде ыңғайлы локацияларды бір аумақтың маңынан табу өте қиын. Мынау жацйлаулы, таулы жер бізге өте қолайлы болып тұр. Қазір Қазтуғанның көшін түсіруге дайындалып жатырмыз. Осыдан 1-2 сағат бұрын Қасым ханның аманаттан орылған эпизодын түсірген едік. Анда-санда табиғат та өзінің тосын мінезін көрсетіп қояды. Қайбір күні жел соғып, жаңбыр жауып, бүкіл декорацмямызды ұшырып әкетті. Барлығын қайтадан қалпына келтіруге тура келді. Қазір енді ауа-райы дұрысталып келе жатқан сияқты. Ескінің әдісімен әруақтарға дұға бағыштап, құрбандыққа қой сойып жатырмыз. Қазақ хандығын жасау оңай шаруа емес. Өз басым оңтүстіктікті ұлттық құндылықтан ажырамаған қазақи орта деп есептеймін. Бірінші күннен бастап айналамдағы адамдардың қазақша сөйлегені, танып жатқаны көңіліме қуаныш ұялатты. Алдағы уақытта Жәнібектің таққа отыруы Түркістан қаласында түсіріледі. Тұтас бір халықтың екіге қақ жарылуы сияқты эпизодтар да бар. Топтамада «саспинс», «экшн» дейміз ғой, көрерменнің көңілін баурайтын сюжеттер көп болады деп ойлаймын.- деді режиссер.

Каскадерлерлік көріністерге «Қазақ юнион» каскадерлік тобы қамтылыпты. Түлкібастағы Жабағылы, Иірсу, елтай ауылдарынан жергілікті тұрғындар массовка жұмысына тартылған. Осы жұмысы үшін олар күніне 2000-2500 теңге алады екен.