Қазақстан азаматтығын сатпақ болған басшы ұсталды

0
1 311

Ұсталған шенді Шымкент қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамауда. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.


Қазақстан азаматтығын сатпақ болған басшы ұсталды

ОҚО ІІД Көші-қон қызметі басқармасының басшысы ұсталды, - деп хабарлайды ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында. ОҚО көші-қон полициясы бастығы ұсталды. Бұл ақпарат кеше кешке белгілі болғанымен, ақпарат ресми түрде расталмаған еді.

"ҰҚКД жедел-тергеу тобының Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерімен арнайы өндіріс жүргізуі барысында 10 сәуірде Ауғанстан тумаларының Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы үшін қолғабыс етуіне 3 500 (жалған ақша) ақша алу сәтінде облыстық ІІД-нің Көші-қон басқармасының басшысы Н.Төлегенұлы ұсталды", - деді Сәдубаев.

Ұсталған шенді Шымкент қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамауда. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.