Қазақстанның оңтүстігінен солтүстікке мемлекеттен берілетін ақша үшін көшетіндер де бар

0
1 764

​Бұл туралы Сайрам ауданында Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарынан келген 120-дан астам жұмыс берушілердің қатысуымен өтіп жатқан бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде М.Жұмабаев атындағы Павлодар гуманитарлық колледжінің директоры Ерлік Жанділдин айтты.


Қазақстанның оңтүстігінен солтүстікке мемлекеттен берілетін ақша үшін көшетіндер де бар

Бұл туралы Сайрам ауданында Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарынан келген 120-дан астам жұмыс берушілердің қатысуымен өтіп жатқан бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде М.Жұмабаев атындағы Павлодар гуманитарлық колледжінің директоры Ерлік Жанділдин айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Солтүстікке оңтүстіктен көшіп барған отбасылардың неге кері қайтып жатқанын сұраған ERNUR.KZ тілшісіне:

"Біздің аймақта көбіне медицина саласы бойынша дәрігерлер, мұғалімдер, әлеуметтік жұмыскерлермен ауыл шаруашылығы мамандары тапшы. Ал, азаматтардың оңтүстікке кері қайтып жатқаны көбіне ауа райының қолайсыздығынан, Бұдан бөлек, мемлекеттің жәрдемі үшін баратындар да бар. Қайтып жатқан азаматтардың барлығы жұмыспен толық қамтылған, жалақысы толық төленген, баспанамен қамтамасыз етілгенә,- деп жауап берді Ерлік Жанділдин

Ресми мәлімет бойынша, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстанға 50 отбасы (203 адам) қоныс аударған. Оның ішінде 19 отбасы (77адам) Оңтүстік Қазақстан облысынан, 13 отбасы (55 адам) Жамбыл облысынан, 11 отбасы (47 адам) Алматы облысынан және жеті отбасы (24 адам) Қызылорда облысынан көшіп барған. Бұл көрсеткіш жылдық жоспардың тек 7,2 пайызын құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Сергей Яковенко жұмысқа жарамды қоныс аударушылардың 29%-ы (26 адам) жұмысқа орналасқанын айтқан болатын. Соның ішінде ауыл шаруашылық саласына 14 адам, білім саласына төрт, денсаулық сақтау саласына үш адам, басқа салаларда бес адам жұмысқа тұрған.

Еңбекпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегі бойынша 2016 жылы Солтүстік өңірлерге көшіп барған 16 отбасы кері қайтқан.